Page 87 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 87

II  Абдул  Хамид  ендi  Германиямен  тығыз  байланыс  орнатуға
        бет бұрды. 1888 жылы билiкке II Вильгельмнiң келуi Германияны
        Осман  империясымен  жақындатты.  Герман  императоры  өзiн
        «мұсылмандардың  қолдаушысымын»  деп  мәлiмдедi.  Немiс
        офицерлерiне  осман  әскерiн  қайта  құруға  тапсырма  берiлдi.
        Германия ықпалының Осман империясына орныққандығының басты
        бiр мысалы немiстердiң Берлин — Стамбұл — Бағдат темiржолын
        салуы  болды.  Бұл  әскери  маңызы  зор  магистраль  болашақта
        Бағдатты  Парсы  шығанағымен  жалғастырады  деп  жоспарланды.
        Бұл Германияның өз әскерлерiн Еуропадан Таяу Шығысқа әкелуiне
        мүмкiндiк  беретiн  едi.  Сөйтiп,  ондағы  Англия  мен  Францияның
        отарлық иелiктерiне, Ресейге де қауiп төнетiн едi.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
            «Жас түрiктер» қозғалысы. ХIХ ғасырдың соңында реформатор-
        лықтың жаңа толқыны түрiктердiң ұлттық қозғалысы түрiнде көрiнiс
        бердi. Түрiктердiң ұлттық қозғалысы ХIХ ғасырдың 50—60-жылдары
        басталды. Қозғалыстың бастапқы кезеңiнде ағартушылық сипаты
        басым  едi.  «Жаңа  османдар»  ұйымының  мүшелерi  және  белгiлi
        ағартушы, жазушы Намык Кемал бастаған бiрқатар зиялы топтар
        түрiк тiлiнiң дамуына және оның әдеби тiл дәрежесiне көтерiлуiне,
        ағарту iсiне зор үлестерiн қосты. Ендiгi реформаторлық қозғалыс
        толқынының өкiлдерi империяның тұтастығын сақтау шараларын
        iздестiрдi. 1889 жылы Стамбұлда «Бiрлiк және прогресс» (Иттихад ве
        теракки) партиясы құрылды. Бұл ұйымның бөлiмдерi провинциялар
        мен шетелде де құрылды. Ұйымның алға қойған жақын арадағы
        мақсаты  конституциялық  мемлекет  құру  болатын.  Реформалық
        шаралар жүргiзiп, елдiң экономикасын көтеру, қоғамды жан-жақты
        жаңарту көзделдi. Бұл қозғалыстың өкiлдерiн жас  түрiктер деп
        атады.


          Ойлан

                      Жас түрiктер деген кiмдер? Олар ненi көздедi?


          БӠлӠмӠӫдӠ тексер

          1.  Осман  империясының  ХІХ  ғасырдың  ортасындағы  дағдарысы  туралы  не
            айтасың?
          2.  «Шығыс мәселесi» қай кезде қайта шиеленiсе бастады? Қандай мемлекеттер
            арасында тартыс болды?
          3.  Қырым соғысының тууына не себеп болды?
          4.  Батыс  елдерi  Осман  империясының  «тұтастығына»  қандай  себептерге
            байланысты мүдделi болды?
          5. Жас түріктер ұйымының алдына қойған мақсаттары қандай еді?

                                                                                     87
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92