Page 92 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 92

фарфоры мен жібек маталары үшін төленетін кеден салығын жауып
             отыруды көздеді. Англияның Цин империясымен еуропалық әлемде
             қалыптасқан  ереже  бойынша  дипломатиялық  қатынас  орнатпақ
             болған әрекеттері табысқа жете алмады.
                 Егер ХVIII ғасырда Қытайдың оқшаулануы Цин әулетінің билігін
             күшейтіп, феодалдық абсолюттік тәртіпті сақтап қалуға мүмкіндік
             жасаса, енді ХІХ ғасыр ортасына қарай Қытай экономикалық және
             әскери күш-қуаты жағынан Батыс елдерінен әлдеқайда артта қалып
             қойды. Өнеркәсіптік қуаты өсіп отырған Батыс елдері Қытайдың осы
             әлсіздігін пайдаланып, қытай нарығына жол ашып, оны арзан тауар
             өткізу және арзан шикізат көзі ретінде пайдалану үшін белсенді
             әрекетке көшті.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
                 Қытайды  күшпен  ашу.  Капиталистiк  Англия  өз  тауарларын
             өткiзетiн  сыртқы  нарық  ретiнде  Қытайды  ашуға  кiрiстi.  ХVIII


             ғасырдың соңы нан бастап Англия Қытайға үш елшiлiк аттан дырды.

                 Қытай өкiметi сырт елдермен сауда жа сауға елдiң оңтүстiгiндегi
             портты  қала  Гуанч жоудағы  «Гунхан»  сауда  монополиясына  ғана
             рұқсат  берген  болатын.  Ал  Англия  Қытайдың  бүкiл  аумағында
             өзiнiң  еркiн  саудасын  жүргiзуге  рұқсат  ету  талабын  қойды.  Бұл
             талаптарына  Цин  империясы  тарапынан  жауап  ала  алма ған
             ағылшын отаршылдары Қытайға күш көрсе тiп, соғыс ашуға сылтау
             iздедi.  Ағылшын  сауда герлерi  Гуанчжоу  порты  арқылы  Қытайға
             қа рақшылық жол мен апиын әкелiп сата бастады.
                 Апиын  саудасы  британ  экономикасының  табысты  саласына
             айнала бастайды. Қытайға әкеліп сататын апиын мөлшері шектен
             тыс  мөлшерге  дейін  өсті.  Қытайдың  алтын-күмiс  байлығы
             апиынға айырбасталып, Англияға ағылды. Апиынның зардабынан
             шаруашылық күйреуге ұшырап, халық азғындауға ай нал ды.
                 Цин үкіметі елдің апиын саудасымен айна лысуына қатаң тыйым
             салғанымен, ағыл шын дар жасырын контрабандалық жолмен апиын
             әкелуді жалғастыра берді.


                Аныӧта
                Аӣылшындар неге Ӧытайӣа соншама апиын әкелуге ынталы болды? БӠр Гунхан сау­
                да монополиясы неге оларӣа аздыӧ еттӠ?
                 Апиын  соғыстары.  Қытай  өкіметі  ағылшындардың  Қытайға
             апиын әкелуiн күшпен тоқтақпақ болды. 1839 жылы Цин билігі
             ағылшындардың апиынды заңсыз енгізуіне тыйым салу мақсатымен
             өкілін жіберді. Ол апиынды тәркілеп, суға ағызды. Осыдан кейін
             ағылшын  үкіметі  қытайлардың  бұл  әрекетін  заңсыз  деп  тауып,
             кеткен  шығынның  өтеуін,  ағылшын  кәсіпкерлеріне  қосымша
             жеңілдіктер берілуін, олардың жұмысына қажетті кейбір аумақтарды
             92
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97