Page 88 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 88
Қайталау сұрақтары мен тапсырмалар
1-тапсырма. Саяси қайраткерлердің есімдерін жаз:
...: «Мемлекет — бұл мен», — дейтін болса, ал ...: «Менен кейін, тіпті
топан су басып кетсін», — деген.
2-тапсырма. Сәйкестігін анықта
Саяси қайраткердің аты: Саясаты:
а) Ж-П. Марат 1. «Өте солшыл» революционерлерді басқарды.
ә) Жан Варле 2. «Сенімсіздер туралы» Заң қабылдады.
б) Максимилиан Робеспьер 3. «Халық досы» газеті шығарған.
в) Шомет 4. «Кешірімпаздар» ағымын басқарды.
г) Ж.Ж. Дантон 5. Тұрақты баға орнату талап етті.
Тарихи оқиғалар: Мерзімі:
а) Бородино шайқасы; 1805 ж.;
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
ә) Ватерлоо шайқасы; 1812 ж.;
б) Трафальгар шайқасы; 1813 ж.;
в) Лейпциг түбіндегі «Халықтар соғысы». 1815 ж.
3-тапсырма. Ашық тест
1. Ұлы Франция буржуазиялық революциясын бастаған оқиға:
а) Құрылтай жиналысы;
ә) Парижді басып алу;
б) Бастилияны басып алу.
2. ХVІІІ ғасырда Францияда бірінші сословиеге кімдер кірді?
а) жоғарғы дінбасылары;
ә) дворяндар.
б) буржуазия;
3. «Адам және азамат құқықтарының тұңғыш декларациясының» қабылдануы:
а) АҚШ, 1776 ж.;
ә) Франция, 1789 ж.;
б) БҰҰ, 1948 ж.
4. Франциядағы абсолюттік монархия құлаған жыл:
а) 1784 ж.;
ә) 1793 ж.;
б) 1791 ж.
5. Францияның өмірінде үлкен рөл атқарған Якобшілер клубы қай жылы
құрылды?
а) 1784 ж.; ә) 1793 ж.; б) 1789 ж.
2. Бурбондар әулеті Француз тағына қай жылы келді?
а) 1589 ж.;
ә) 1579 ж.;
б) 1678 ж.
6. Францияда І Империя қашан орнады?
а) 1792 ж.; ә) 1800 ж.; б) 1804 ж.
7. Наполеон Банопарт 1812 жылы 24 маусымда жорыққа шықты?
а) Ресейге; ә) Испанияға; б) Египетке.
88