Page 86 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 86
мен Францияның көмегiне сүйенген түрiктер орыстарды ойсырата
жеңдi. Австрия мемлекетінің араласуымен соғысушы тараптар
арасында бейбіт бітім келіссөздері басталды. 1856 жылы Парижде
бейбіт бітім келiсiміне қол қойылды. Ресей Түркияға Оңтүстік
Бессарабияны қайтарды. Қара теңiздi «бейтараптандыруға» келiстi.
Сербия, Молдова мен Валахияда сұлтанның билiгi сақталды.
Сондай-ақ Англия мен Франция ерекше келiсiмге қол қойып, онда
Париж трактаты шеңберiнде Осман империясының тұтастығы мен
тәуелсiздiгiне кепiлдiк берiлдi. Қырым соғысы Түркияға өте ауыр
зардаптар әкелді. Соғыстан келген зардаптарды жою үшін Англия
мен Франциядан Түркия өте көп несие алды. Осман империясы
қаржы несиесi арқылы еуропалықтардың қанау зардабына ұшырады.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Ойлан
Қырым соғысындағы түріктердің әскери жеңісі Осман им-
периясын сақтап қалар ма еді? Неге дағдарыс күшейе түсті
деп ойлайсың?
ХIХ ғасырдың соңында Осман империясының құлдырауы
және отар елге айналуы. Сұлтан өкiметi билiгiнiң сақталуы
елдегi дағдарысты одан әрi тереңдете түстi. 1879 жылы Осман
империясы өзiнiң Батыс Еуропа елдерiнiң алдындағы қарызын
өтей алмайтындығын мойындады. Арнаулы комиссия елдiң табыс
бюджетiн өз қолына алып, қарызды төлеттiруге кiрiстi.
Батыс державалары Осман империясының iшкi iсiне белсене
араласа бастады. ХIХ ғасырдың соңғы ширегiнде империя Болгария,
Сербия, Черногория, Румыния сияқты иелiктерiнен айырылды.
Балқан түбегiнiң түрiк билiгiнде қалған славян тұрғындары
тәуелсіздікке ие болды. Закавказьеде Ресейдiң ықпалы күшейе түсті.
Басқа да иелiктерден айырылуға тура келдi: Франция Алжир мен
Тунистi, Англия Мысыр мен Каирды түрiктерден тартып алды. ХIХ
ғасырдың соңына қарай Осман империясының солтүстiкафрикалық
иелiктерi еуропалық мемлекеттердiң билiгiне көштi. Франция Сирия
мен Ливанда, Англия Парсы шығанағы мен Қосөзен аймағында
үстемдiк етуге ұмтылды. Австро-Венгрия әскерлерi Босния мен
Герцеговинаға ендi.
Англия, Франция және Австро-Венгрия егер Осман империясы
толық күйрейтiн болса, Ресей империясының ықпалы күшейiп,
славян мемлекеттерiн және Қара теңiз бұғаздарын өз бақылауына
алады деп қауiптендi. Мiне, ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың
басындағы «Шығыс мәселесiнiң» басты мәнi осылайша шешiлдi.
86