Page 91 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 91
еуропалықтар үшін жағалаудағы порттар ашық болды. Бірақ
ХVІІІ ғасырға қарай жағдай күрт өзгерді. Қытай еуропалық
миссионерлердің қызметінен бас тартып, христиан шіркеулерін
жауып, миссионерлерді елден қуа бастады.
Миссионерлер — христиан дӠнӠн тарату маӧсатымен басӧа елдер мен жерлерге
жӠберӠлетӠн дӠни уаӣыздаушылар.
Фактория — кӹпестердӠӫ отарларда ӯйымдастырӣан сауда кеӫсесӠ және
ӧонысы.
XVIII ғасырда Цин билігі қытайлықтардың басқа шетелдермен
байланысын қатаң бақылауға алды. 1757 жылы император Цяíьлуí
еуропалықтардың Қытайға келуіне тыйым салды.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Батыс державалары, оның ішінде Англия, Қытай сауда нарығына
кіруге табандылықпен күресуге кіріседі. ХVIII ғасырдың екінші
жартысынан бастап Қытайдың бүкіл сыртқы саудасы тек Гуанчжоу
арқылы жүргізілетін. Сауда қатынастарының шетелдіктермен
жасалатын басқа әдістеріне, заңмен шектеулер қойылды. Қытай
үкіметі шетелдіктермен сауда байланысын жасайтын қытай
саудагерлерінің санын азайтты. Сауда әрекеттерін Пекиннен келген
өкіл қатаң бақылап отыратын болды.
Шетел саудагерлері Гуанчжоу маңында жаз бен көктем айла-
рында ғана бірнеше айға Қытай жерінде болуға рұқсат етілді.
Қытай өкіметі шетелдіктердің қытайлықтар туралы қандай да бір
мәлімет жинауына бақылау орнатты. Жергілікті қытайлардың
шетел діктерге қытай тілін үйретуіне қатаң тыйым салды. Қытай
тіліндегі кітаптарды сыртқа әкетуге де рұқсат етілмеді.
Сауданың дамуына сыртқа шығарылатын тауарларға салынатын
салық мөлшерінің шектен тыс ұлғайтылуы да себеп болды.
Шетелдіктердің саудасына басқа да кедергілер жасалды. Ұзақ уақыт
бойы Қытайдан сыртқа шығарылатын тауарлар сырттан келетін
тауарлардан бірнеше есе артты. Еуропада ауқатты адамдар арасында
шай, жібек маталар, қытай фарфоры өте жоғары сұранысқа ие
болды. Қытайда сатып алынатын тауарларға еуропалықтар күміспен
төлем жасайтын. Қытайдан сыртқа шығарылатын тауарлар үшін
төленетін күмістің көлемінің ұлғаюы ағылшын үкіметін алаңдатты.
Қытаймен жасалатын сауда үшін күмістің қытай қазынасына қарай
ағылуы Британия билігі үшін қаржылық қауіп төндіре бастайды.
Ағылшын үкіметі енді қытай үкіметінен шетелдік сауда үшін
барынша ашық болуды талап ете бастайды. Ағылшын саудагерлері
қытай сауда нарығында үлкен сұранысқа ие бола алатын шетелдік
тауарларды іздестіре бастайды. Қытайлық сұранысқа ие болатын
тауар табыла қалған жағдайда, соның есебінен қытайдың шайы,
91