Page 94 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 94
Қытаймен соғыс жүргiзбесе де, 1858 жылы Ресей аса қолайлы
сәттi пайдаланып, Қытаймен Айгүн келiсiмшартын жасайды. 1689
жылы Нерчинск келiсiмi кезiнде Амур жағалауларынан айырылған
Ресей ендi есесiн қайтарып алуға мүмкiндiк алды. Айгүн келiсiмi
бойынша Амур өзенiнiң сол жақ жағалауы Ресейдiң меншiгi деп
танылды. Ресей басқа еуропалық елдер сияқты Қытаймен сауда
жасасу жөнiндегi келiсiмшартқа қол қойды. Пекинде тұрақты орыс
өкiлдiгiн, басқа қалаларда елшiлер ұстауға жол ашылды.
Ойлан
Ресей Айгүн шартында қандай мәселелерін шешіп алды?
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Тяньцзинь келiсiмi Қытайды шетелдiктерге тәуелдi, жартылай
отар елге айналдырды. 1860 жылы Цин мемлекетi атынан мемлекеттiк
әкiм Гун Англия және Франциямен Пекин конвенциясына қол
қойды. Конвенция бойынша Тяньцзинь келiсiмiне қосымша Қытай
16,7 миллион ляң өтемақы төлеп, Тяньцзинь портын ашуға келiстi.
Англия Қытайдан кули (жалдамалы жұмысшы) әкетуге рұқсат алды.
1860 жылы Ресей Қытайдан Уссурий аймағын толық қайтарып алды.
Апиын соғыстары еуропалық отаршылдардың Қытайды күшпен
ашуына, бірнеше мыңжылдық тарихы бар алпауыт империяның
күйреуіне әкеліп, отаршылдыққа тап болған жаңа кезеңге аяқ
бастырды. Маньчжурлық Цин әулеті өзінің гүлдену кезеңін аяқтап,
құлдырауға ұшырай бастады. Апиын соғыстарындағы жеңілістер,
сәтсіз, әділетсіз келісімшарттар шетел капиталына сауда, кеден
және басқа да жеңілдіктер әкеліп, Қытай экономикасын күйреуге
ұшыратты. Халықтың жағдайы нашарлап, мемлекет ауыр дағдарысты
жағдайдың алдында тұрды.
ПӠкӠрталас
ЕкӠ апиын соӣысындаӣы еуропалыӧтардыӫ кӭшпен таӫӣан келӠсӠм
шартта рыныӫ Ӧытай ӭшӠн әдӠлетсӠз екенӠн дәлелдей аласыӫ ба?
Сыныптастарыӫныӫ ойын тыӫда.
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
1. ХІХ ғасырдың ортасына қарай Цин империясы қандай даму кезеңін басынан
өткерді?
2. Апиын соғыстарын туғызған себептерді талдап көр.
3. Бірінші апиын соғысынан кейін ағылшындармен бәсекелестікке тағы қандай
елдер қосылды? Екінші апиын соғысын қандай еуропалық мемлекеттер
жүргізді?
4. Бірінші апиын соғысы нәтижесінде Қытай ... келісіміне қол қойды.
94