Page 99 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 99
тұтқындап, жаппай жазалау әрекеттерiн жүргiздi.
Олар «Жатжерлiктерге өлiм келсiн, бiз Мин
мемлекетiн қалпына келтiремiз!» де ген ұран
тастады. Ихэтуаньдар күшiнiң бүкiл Қытайды
қамтығанынан қорыққан Цин өкiметi оларға
амалсыз қолдау көрсеттi. Ал ихэтуаньдар қыр-
ғынына жауап ретiнде сегiз держава — Англия,
Франция, Германия, АҚШ, Ресей, Жапония,
Италия және Австро-Венгрия 1900 жылы
Қытайға интервенция бастады. Олар ихэтуаньдар
қозғалысын қанға бояп, басып-жаныштады.
1901 жылы жеңiлген Цин өкiметi сегiз державамен Сунь Ятсен
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
«Қорытынды хаттамаға» қол қойды. Осы келiсiмшартқа байланысты
Қытайда шетелдiктерге қарсы саясат жүргiзетiн барлық қоғамдық
ұйымдарға тыйым салынды.
Ойлан
Ихэтуаньдар деген кімдер және олар кімге қарсы көтеріліске
шықты?
Алайда халықтың отаршылдыққа қарсы бас көтерулерінің
ұлғая түсуі мен оны басып-жаныштауға кететін күштерді есепке
ала отырып, отаршыл державалар Қытайды ықпал аймақтарына
бөлшектеп алудан бас тарта бастады. АҚШ еуропалық өз әріптестеріне
Қытайда «ашық есік» саясатын жүргізуді ұсынды. Ол саясат
бойынша барлық отаршыл елдер қытай нарығында теңдей құқыққа
ие болатын болды. Дегенмен АҚШ саудагерлері мен капиталистері
артықшылық жағдайға ие болып қалды.
Сунь Ятсен және оның революциялық-демо кратиялық қозғалысы.
Қытайдың оңтүстік жағы отаршылдар үстем дігінің нық
орныққан аймағы болды. Бұл аймақта елді модернизациялау мен
еуропаландыруға жағдай қолайлы болды. Еуропалық миссионерлік
оқу орындарында оқитын қытайлық жастар елдің ауыр жағдайына
алаңдап, одан шығудың жолдарын іздестіруге талпынды. Олар саяси
үйірмелер ұйымдастырып, елді сақтап қалу дың нақты қадамдарын
жасау әрекеттерін ұйым дастыру жоспарларын жасады. Болашақ
қытай революционерлері қалыптасты. Қытайды ауыр жағдайдан
шығарудың жолын iздеген реформаторлардан кейінгі екiншi бiр
үлкен қозғалыс-революциялық-демократиялық қозғалыс пайда
болды. Қозғалыстың көсемi Қытайдың ұлы революционер-демократы
Ñуíь Ятсåí еді.
99