Page 100 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 100

Ол  1894  жылы  «Қытайды  қайта  өркендету  қоғамын»  құрды.
             Бұл ұйым Қытайдағы маньчжур үстемдiгiн құлату, тәуелсiз Қытай
             Республикасын  құру,  елде  халықтың  әл-ауқатын  жақсартуға
             бағытталған нақты реформалық өзгерістер жасау мақсатын көздедi.
             Сунь  Ятсеннің  идеясының  реформаторлардан  айырмашылығы  —
             ол  Цин  империясын  құлатпайынша  Қытайды  ауыр  дағдарыс-
             тан  алып  шығу  мүмкін  еместігін  түсінді.  Оған  дәлел  болатын
             рефор малық  қозғалыстың  жеңіліске  ұшырауы  еді.  Сунь  Ятсен
             өзінің  саяси  идеясында,  ең  алдымен,  жатжерлік  маньчжурлық
             биліктен құтылуды, яғни Цин монархиясын құлатуды, Қытайды
             демократиялық  билiкке  көшірудi  көздеп,  яғни  монархиялық
             билiктен бас тартып, елді республика түрiнде дамыту жолын ұсынды.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі


                Аныӧта
                Сунь Ятсен және оныӫ саяси ӯйымы алдына ӧандай маӧсат ӧойды?

                 Реформалық  қозғалысқа  қарағанда  алдына  барынша  айқын
             мақсат  қойған,  Қытайдағы  барлық  дағдарыстың  себебi  болып
             отырған маньчжур үстемдiгiнен құтылуды көздеген Сунь Ятсеннiң
             партиясына халық көп сенiм артып, революциялық-демократиялық
             қозғалысқа  қатысуға  ұмтылды.  Бұл  әрекеттер  Қытайды  ХХ
             ғасырдың басындағы Синьхай революциясына әкелiп, маньчжурлық
             монархиялық биліктен құтылуға қол жеткізді.

               ПӠкӠрталас
               Реформалыӧ  ӧозӣалыстыӫ  жеӫӠлу  себептерӠ  неде  деп  ойлайсыӫ?  Ӹз
               ойыӫды бӠлдӠр. Сыныптастарыӫныӫ пӠкӠрӠн тыӫда.


               БӠлӠмӠӫдӠ тексер


               1.  «Өзiн-өзi күшейту саясаты» кезінде қандай шаралар жүргізілді?
               2.  Ихэтуаньдар қозғалысы қандай оқиғаларға байланысты шықты, олар кiмдерге
                 қарсы шықты?
               3.  Сунь Ятсеннiң революциялық-демократиялық идеясының реформаторлардан
                 айырмашылығы неде?
               4.  ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Қытайда елді күйреуден сақтап қалу жол-
                 дарын белгілеген «...» пайда болды.
               5.  Реформалық  қозғалыстың  бастамашысы  және  оны  жүргізушісі  қытайлық
                 ойшыл қайраткер ... болды.
               6.  Ихэтуаньдар ... жету жолын көздеді.





             100
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105