Page 104 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 104

ПӠкӠрталас
               Германияныӫ жетекшӠ саяси партияларыныӫ ӧӯрамы мен баӣдар ла­
               маларыныӫ ерекшелӠгӠ неде болды?



                 Пруссия гегемонияға қарсы күресу үшін 1870—1871 жылдары
             католиктік шіркеу «орталық» партиясын құрды.
                 XIX  ғасырдың  соңы  —  XX  ғасырдың  басындағы  Италияның
             саяси  және  экономикалық  дамуы.  Вена  конгресінің  шешімі
             бойынша  Италия  бірнеше  мемлекеттерге  бөлініп  кетті.  Оның
             аумағын Неаполитандық корольдық, Папа облысы, Тоскана, Модена,
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             Парма, Лукка және Сардин корольдығы өз араларында бөліп алды.
             Елдің солтүстік-шығысы — Ломбардо-Венециандық корольдықты
             Австрияға  қосты.  Барлық  жерде  монархтардың  абсолютті  билігі
             қайта қалыптасты.
                 Италия ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде капитализмнің «алғашқы
             буын»  елдерімен  салыстырғанда  экономикасы  артта  қалған  ел
             болып саналды.  Бірқатар  себептермен: яғни елдегі феодализмнің
             сарқыншақтары — ірі жер иелену және шаруалардың аз жер үлесі,
             фабрикалық өнімдерді сатып алуға мүмкіндік бермейтін шаруалардың
             кедейшілігі,  өнеркәсіп  буржуазиясы  қатарының  аздығымен,
             италяндық  тауарлардың  бәсекелестікке  қабілетсіздігімен,  саяси
             тұрақсыздықпен түсіндірілетін ел экономикасы баяу дамыды.
                 Ауылшаруашылығының  дамуы  әртүрлі  аудандарда  әрқилы
             болды. Шаруалардың жерден айырылуы оларды батрактарға немесе
             жалға алушыларға айналдырып, толық күйзеліске ұшыратты.
                 Италияда  феодалдық  дворяндық  және  католиктік  дінбасылар
             үстемдік  етті. Елдің саяси бірігуі және ескі тәртіпті жоюы экономика
             дамуының негізгі шарты болды.

               Ойлан

                          Италияның      саяси    және   экономикалық        дамуының
                          ерекшеліктері қандай?


                 Революциялық  жағдайдың  туындауы.  1848  жылдың  басында
             Еуропа революциялық қимылдардың қарқынды кезеңіне кірді. Оның
             негізгі себебі саяси мәселелердің шешілмеуі, халық жағдайының
             төмендеп  кетуі  болды.  Осы  жағдайлардың  барлығы  1848  жылы
             Еуропада  жаңа,  әлдеқайда  күшті  революциялық  толқу лар дың
             негізіне  айналды.  Революциялық  оқи ғалардың  әр  елде  өзіндік
             104
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109