Page 107 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 107
Австриядағы революция. XIX ғасыр ортасында Габсбургтер
империясы миллиондаған халқы бар мемлекет еді. Империя
халқының басым көпшілігін венгрлер құрады. Хорватия және
Словакияда миллиондаған шаруалар венгр помещиктерінің езгісінде
болды. Сол мезетте венгрлердің өздері австриялық биліктің
қыспағында болды. Осылайша әлеуметтік қарама-қайшылықтар
ұлттық қанауға ұласты. Бұл революциялық көңіл күйдің күшеюіне
алып келді.
1848 жылы наурызда Венада Конституцияны қабылдау және
князь Меттерних үкіметінің кетуін талап ету ұранымен шерулер
басталды. Студенттерден гвардия, халық жасағы құрылды. Осындай
жағдайларда Венада рейхстаг (парламент) отырысы ашылды. Ол
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
шаруалардың құн үшін жеке міндеткерлігін алып тастау туралы
заң қабылдады.
Сол мезетте Венгрияда революция басталды. Онда өзіндік
парламент — сейм құрылды, революциялық әскер қалыптасты.
Зиялылар артық шылықтары және феодалдық міндеткерлік біртіндеп
алынып тасталды.
Италиядағы революция. Наполеондық соғыстар Италияда ұлттық
қозғалыстардың күшеюіне түрткі болды. Вена конгре сінің шешімі
бойынша Солтүстік Италияның екі облысы — Ломбардия және
Венеция Австрияға берілді, бұл —
елдің бірігуіне кедергі туғызды.
1831 жылы Джузеппе Мадзини
елді азат ету және біріктірудегі
күрес үшін «Жас Италия» ұйымын
құрды. Ол күреске итальяндық
ұлттық идеяның символына ай-
нал ған Джузеппе Гарибальдиді
ша қырды.
Италиядағы революция 1848
жылы Сицилиядағы көтерілістен
басталды. Көтерілісшілердің арал-
дан неаполитандық корольдың
әскерлерін қуып шығуға қауқары
жетті. Халықтық қозғалыстардан
қо рыққан барлық итальяндық
мем лекеттер монархтары 1848
жы лы ақпан-наурыздан бастап ли-
бе ралдардың қатысуымен үкімет
құру ға және Конституциялар қа-
былдауға мәжбүр болды. Джузеппе Гарибальди
107