Page 112 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 112
әскери қимылдардың жоспарлары жоқ еді. Пруссияға Солтүстік
Герман одағының әскерлері ғана емес, сондай-ақ оған кіре қоймаған
төрт мемлекеттің әскерлері де қосылды.
1870 жылы тамызда Мец қамалында 200 мыңдай француз әскері
қоршауда қалып, нәтижесінде Пруссия әскері жеңіске жетті.
Германия империясының соңғы қарсыласы саналған Франция
Француз-Пруссия соғысы нәтижесінде жеңіліс тапты. Бұл қақтығыс
Франциядағы Луи III Наполеон режімінің құлауына алып келді.
Аныӧта
Германияныӫ бӠрӠгуӠ картасынан Франция — Пруссия соӣысы ӧашан болды және ӧай
аумаӧты ӧамтыды деген сӯраӧтардыӫ жауабын Ӡздеп кӹр.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Империяның жариялануы және 1871 жылғы Конституция.
1871 жылы қаңтар айында Версаль сарайының Айналы залында
Герман империясының құрылғандығы жарияланды. Вильгельм
Гогенцоллерн Германия императоры болып тағайындалды.
Герман империясы жарияланғаннан кейін империялық Құрылтай
жиналысы — Құрылтай рейхстаг шақырылды. Ол Конституция
қабылдады. Конституцияға сәйкес Герман империясы 22 монархия-
ның одағын құрады. Олардың барлығы өз конституцияларын және
жергілікті парламенттерін (ландтагтар) сақтап қалды. Тек Пруссия
королінен сайланатын герман императорының (кайзердің) күшті
билігі орнатылды. Кайзер мемлекет басшысы болып есептелді,
заңдарды бекітті, соғыс жариялады, әскердің бас қолбасшысы болды.
Оның алдында үкімет басшысы — рейхсканцлер Бисмарк есеп беріп
отырды. Рейхстагты 25 жасқа толған ер адамдар 5 жылға сайлады.
Жоғарғы палата (бундесрат) мүшелері барлық монархия өкілдерінің
ішінен тағайындалды. Төменгі палата (бундестаг) жалпы дауыспен
сайланды. Рейхстагтың құқықтары шектеулі болды, император екі
палатаны да өз қалауы бойынша таратып жібере алды. Рейхстагқа
барлық ірі саяси партиялар кірді.
Ойлан
Германияның бірігуінің тарихи маңызы қандай болды?
Италияның бірігуі. Елдегі саяси бытыраңқылық мәселесін шешу
Италияның күн тәртібінде тұрды.
ХІХ ғасырдың ортасында граф Камилло Бенсо Кавур біртұтас
ұлттық мемлекет құру жөнінде нақты жоспар ұсынды. Оның жаңа-
112