Page 116 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 116

сәтсіздіктерін  қолдануды  көздеді.  Француз  гарнизоны  өз  елін
             қорғамақ  болып  Римді  тастап  кетті.  Рим  Италия  астанасына
             айналды, ал Рим Папасы Ватикан сарайы шегіндегі билеуші болып
             жарияланды.
                 Римнің қосылуымен Сардин корольдығы төңірегінде Италияның
             бірігуі аяқталды.

               Ойлан

                          Италияның бірігуі дегенді қалай түсіндің?

                 Италияның саяси құрылысы. Біріккен мемлекетте конституциялық
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             монархия  қалыптасты.  Конституция  бойынша  король  II  Виктор
             Эммануил заң шығарушы билікті парламентпен бөлісті, ол екі пала-
             тадан: жоғарғы — сенат және төменгі — депутаттар палатасынан
             тұр ды. Сенаторлар өмір бойына тағайындалды. Депутаттар палатасы
             сайла натын  болды.  Сайлау  құқығы  тек  қана  25-тен  асқан  ер
             адамдарға берілді.
                 Атқарушы  билік  толық  монарх  қолында  болды.  Ол  әскер-
             лерге  бұйрық  беру,  соғыс  жариялау,  бітім  жасау  құқығына
             ие  болды.  Бірыңғай  мемлекет  құрылғаннан  кейін  ескі  саяси
             партиялар  ыдырады.  Билік  басына  келген  либерал  буржуазия
             жаңа екі партияның айналасында топтасты: тарихи оңшылдарға-
             консерваторлар, ал тарихи солшылдарға демократтар жатты.

               БӠлӠмӠӫдӠ тексер

               1.  Пруссияның күшеюі қандай жағдайлармен түсіндірілді?
               2.  Қандай реформалардың арқасында прустық әскер Еуропадағы ең мықтылардың
                 біріне айналды?
               3.  Австрия-Пруссия соғысының негізгі нәтижелерін ата.
               4.  Француз-Пруссия соғысының басталуына қандай жағдай себеп болды?
               5.  Герман империясы қашан жарияланды?
               6.  Италияның бірігуінде үлкен рөл атқарған тарихи тұлғаларды ата.
               7.  Рим ... астанасына айналды.















             116
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121