Page 119 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 119
XIX—XX ғасырлар қарсаңында Ресей экономикалық тұрғыдан
негізгі басыбайлылық елдерді қуып жетті.
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер. Помещиктік жер иелену
және қанау үстемдік еткен ауыл шаруашылығы өте баяу дамыды.
Помещиктердің басым бөлігі шаруашылықты ескіше жүргізді.
Табысты жоғарылатудың жалғыз әдісі — шаруаларды феодалдық
қанау деп есептеді. Олар жер жыртуды шаруашылық жерлердің
есебінен кеңейте келе барщинаны ұлғайтты. Шаруалардың басым
көпшілігінің жағдайы төмендеп кетті. Олардың кедейленуі феодалдық
шаруашылықтың экономикалық негізін бұзды. Помещикке жұмыс
істеуге мүмкіндік алу үшін крепостниктердің өз малы және құрал-
саймандары, шаруашылығы болуы керек болды.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Аныӧта
Шаруашылыӧтыӫ жӠктелуӠ ӧалай болды?
Тауар-ақшалық қатынастар дамуының ықпалымен ауылда ша-
руашылықтың жіктелуі жүрді. Кедей және үлестен құр қалған
отбасылардың қасында сауда, өсімқорлықпен айналысқан, өз
ақшаларын өнеркәсіп орындарына салған шаруалар тобы көбейе
бастады. Олардың ортасынан бостандық үшін өз фабрикаларын
ашқан ірі кәсіпкерлер шыға бастады.
Ойлан
XIX ғасырдың басында басыбайлылық құқықты шектеу
және алып тастаудың қандай жобалары жасалды?
Теміржолдағы жөндеу жұмыстары
119