Page 118 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 118

көріне  бастады.  Өнеркәсіпте  ауыл шаруашылығына  қарағанда
             капиталистік қатынастардың қалыптасу үрдісі кеңінен жүрді. Бұған
             сыртқы на рықтың дамуы септігін тигізді.
                 Өнеркәсіптің  дамуы.  Феодализмнің  ыдырау  үрдісі  және  жаңа
             капи талистік қатынастардың пісіп жетілуі өнеркәсіптің дамуында
             көрінді. Капиталистік өнеркәсіп өз дамуында үш кезеңде өтті: ұсақ
             өндіріс, ма ну фактура, фабрика.
                 ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  Ресейдегі  ірі  өнеркәсіптік
             өндірістің  негізгі түрі мануфактура болды.
                 Қол  еңбегін  қолданатын  мануфактура  мәшинелерді  қолдануға
             негізделген капиталистік фабрикаға айналды.
                 Ең алдымен мәшинелер мақта мата өндірісінде, кейін өнеркәсіптің
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             басқа да салаларында қолданыла бастады. Бастапқыда мәшинелер
             шетелден  әкелінді.  Бірақ  Ресейде  көп  ұзамай  мәшинелер  мен
             құралдарды өндіретін өз кәсіпорындары пайда бола бастады.
                 Өнеркәсіпте жалдамалы жұмысшылар еңбегі кеңінен қолданылды.


                Аныӧта
                КапиталистӠк  ӹнеркәсӠп  дамуыныӫ  ӭш  кезеӫӠн  ата  және  олардыӫ  бӠр­бӠрӠнен
                айырмашылыӧтары ӧандай болды?

                 Басыбайлылық  құқықты  жою  және  1860—1870  жылдардағы
             реформалар.  1855  жылы  Ресей  тағына  император  ІІ  Александр
             отырды. Оның билігі реформаларды жүзеге асырумен байланысты
             болды.
                 1861  жылы  басыбайлылық  құқық  жойылды.  Бұл  реформадан
             кейін басқа маңызды реформалар енгізілді: ауылдық жерлерде өзін-
             өзі басқару органдарды құру реформасы, сот, әскери, қаржы, білім
             реформалары жүргізілді.
                                       1890  жылдардағы  өнеркәсіптік  өсу.  1890
                                    жылы қабылданған шаралар нәтижесінде Ресейде
                                    өнер кәсіптік өсу орын алды, ол келесі сипаттарға
                                    ие болды:
                                       —  қарқынды  теміржол  құрылысы;  Орта
                                    Азияға теміржол ашылды; 1891 жылы Транссібір
                                    теміржолының құрылысы басталды;
                                       —  өндірістің  шоғырлануы  және  ауыр  өнер-
                                    кәсіптің басым дамуы;
                                       —  Донбасс  және  Бакуде  қуатты  жанармай-
                                    энергетикалық база құрылды, нәтижесінде Ресей
                                    шойын балқыту бойынша әлемде 3-орынды, ал
                 II Александр       мұнай өндіру бойынша 1-орынды алды.
             118
   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123