Page 123 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 123
Декабристер көтерілісі. Екі қоғамның мүшелері 1826 жылы
мамырда жыл сайынғы әскердің дайындығын байқау кезінде ашық
әскери көтеріліске шығу шешімін қабылдайды. 1825 жылы 18 қа-
ра шада І Александр Таганрогта кенеттен қайтыс болды. Таққа
Александрдың ағасы Константин отыру керек болатын, бірақ ол
тақтан ерікті түрде бас тартып, інісі Николайға ұсынды.
1825 жылы 14 желтоқсанда Николайға ант ету рәсімі белгіленеді.
Осы күнге «Ñолтүстік одақ» мүшелерінің патшаға қарсы көтерілісі
де белгіленген болатын. Осы кезден бастап олар äåêàбристåр деп
аталды. Декабристер жауынгерлердің жаңа патша Николайға ант
беруіне жол бермеуді мақсат етті.
Шындығында барлығы басқаша болды. Көтеріліс басып тасталды.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
1825 жылы желтоқсанда «Îңтүстік одақ» мүшелері көтеріліске
шығуға әрекет жасады. С.И. Муравьев-Апостол мен М.П. Бестужев-
Рюмин бастаған Черниговск полкі Киевке аттанды, алайда олар да
талқандалды.
Декабристер көтерілісі Ресейдегі самодержавие мен басыбайлы-
лық қа қарсы бүкіл халықтың мүддесін қорғайтын алғашқы
көтеріліс болды. Декабристер бірінші болып ұйымдар құрып, іс-
қимыл бағдарла маларын, халық мүддесін қорғайтын, Отанды сая-
си және экономика тұрғысынан қайта құру жобаларын дайындады.
Декабристердің идеяларымен алдыңғы қатарлы орыс зиялылары
мен қоғам қайраткерлерінің көптеген ұрпақтары тәрбиеленді.
Декабристердің көтерілісінен кейін саяси тәртіп қатаң талап тарымен
дамыды, революциялық қозғалыс пен үкіметтік рефор маторлық
қызметтің арасы ажырады, консервативтік бағыт алғаш рет өз
идеоло гиясын алды, қоғам санасының либералды және әлеуметтік
ағым дары қалыптасты. Қоғамдық қозғалыс қатысушыларының осы
идеяларын тәжірибеде іске асыру мүмкіндіктері болмады. Олар адам
санасын болашақтағы өзгерістерге дайындай алды.
Консерватизмнің дамуы Ресей ғылым академия сының прези денті
граф С.С.Уваровтың еңбегі болып табылады. Ол самодержавиені
патша мен халық бірлігі деп түсінді және халық пен монарх
арасында ажырамас рухани бірлік Ресейдің сәтті дамуына кепіл
болады деп санады.
Либералды қозғалыс. Батысшылдар мен славяншылдар. Ресейлік
либерализмді сол жылдары батысшылдар мен славян шылдар
ұсынды. Батысшылдар дүниежүзілік өркениет біртұтас және одан
елдің шығуы оның құлдырауына алып келеді деп санаған. Олар
Ресейді Ұлы Петрдің қайта құруы арқасында өркениетті мемлекет
болды деп есептеген. Олардың пікірі бойынша, Ресей міндеті
123