Page 127 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 127
жекеменшiк иелiктерiн тартып алып, оны компания билiгiне
көшiрiп отырды. Мысалы, 1856 жылы компания Ауд хандығын
5 миллион халқымен, билiк жүргiзе алмады деген сылтаумен өзiне
қосып алды. Отаршылдар хандықтардағы билiктi ханның асырап
алған баласына қалдыруына тыйым салды. Туған баласы, яғни
тiкелей мұрагерi болмаған жағдайда жекеменшiк иелiк толығымен
компанияға берiлетiн едi.
Ост-Үндi компаниясы жергiлiктi үкiметтiң қауымдардан жерге
салынатын салықты жинау құқығын ендi өздерi қолға алып, оны
компанияның есебiне кiргiзiп, қосымша кiрiс ала бастады. Жаулап
алған аумақтардың тұрғын халқынан алынған алымдар компания
табысының басты көзi болды. Оған ағылшын үкiметi нiң сауда
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
компанияларының монополиялық құқықтарын жоюы әсер етті.
Мұндай компаниялардың саудадан түсетiн табысы күрт төмендедi.
XIX ғасырда басқа да ағылшын фирмалары Үндiстанмен сауда
жасады.
XVIII ғасырда үндi елi экспортқа тек маталарды шығаратын.
Бiрақ Еуропадағы өнеркәсiп төңкерiсiнен кейiн жағдай өзгердi.
Еуропада мәшинемен өндiрiлген маталар үндiнiң қолдан тоқылған
маталарынан арзанға түстi. Ендi керiсiнше, Англияда өндiрiлген
арзан маталарды Үндiстанға әкелу ұлғайды. Өткiзу нарығынан
айырылған үндi тоқымашылары тоқырауға ұшырап, қайыршылық
халге түстi. Үндi шаруаларын отаршылдар түрлi жолдармен қанауды
ұлғайта бердi. Шаруалар өте көп салықтан, жан төзгiсiз ауыр
жұмыстардан қалжырап, ашаршылыққа ұшырады.
Отаршылдық қанау мен ұлттық езгi халық наразылығын күшейтiп,
көтерiлiске әкелдi. Наразылық көтерiлiстерi дiни сипатқа ие болып
отырды. Үндiлер мен мұсылмандардың арасынан да көтерiлiске
дем берiп, оларды ұйымдастырып отыратын белсендi қайраткерлер
шық ты. Үндiлiк қоғамдық-саяси қайраткер ретiнде бенгалиялық
Рам Мохан Райдың аты белгiлi едi. Джамна-Ганг аймағы мен
Бенгалияда мұсылман дардың уаххабшылар қозғалысының әрекетi
отаршылдарды бiраз шығынға ұшыратып, әбiгерге түсiрдi. Халық
арасында ағылшындар бүкiл үндi халқын христиан дiнiне күшпен
кiргiзбекшi деген қауесет тарады.
Ойлан
Англиядан әкеліне бастаған арзан тауарлар жергілікті
шаруашылыққа қалай әсер етті?
1857—1859 жылдардағы Үндiстандағы ұлт-азаттық көтерiлiс.
1857—1859 жылдары Солтүстiк Үндiстанда аса қуатты халық
127