Page 132 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 132
Үндi тауарлары Англияда, Қытайда және Оңтүстiк-Шығыс Азия
елдерiнде сатылды.
Өнеркәсiп дамуына байланысты жұмысшылар саны өстi, олардың
саны ғасырдың соңына қарай 1 миллион адамға жеттi. Үндiстанның
мемлекеттiк әкiмшiлiк мекемелерiнде отаршылдарға қызмет етушi
орташа әлеуметтiк топтар саны да артты. Олар дәрiгерлер, заңгерлер,
университет, колледж және мектеп оқытушылары болды. Олардың
барлығы дерлiк ағылшындар ашқан жергiлiктi университеттерде
еуропаша бiлiм алды.
Дәстүрлi қалыптасқан үндi қоғамындағы күрт өзгерiстер, ескiнiң
қирауы, жаңаның енуi үндi халқының әрқилы топтарына түрлiше
әсер еттi. Бiреулерi көне арийлiк кезеңге қайта оралу, үндi өркениетi
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
қалыптастырған дәстүрлi қоғамды қайта орнату қажет десе,
мұсылмандар ежелгi исламның құндылықтарын қайта жаңғыртып,
ағылшындармен күресу қажет деп мәлiмдедi. Бiрақ көпшiлiк
сауатты үндiлер Батыстың еркiндiк, теңдiк, гуманистiк идеяларын
индуизммен, исламмен ұштастыра отырып, даму жолын iздеудi
жақтады. Үндiстанның қоғамдық дамуының артта қалғандығын
мойындай отырып, оны жаңаша дамытуды көздедi.
Үндiстан — көпұлтты мемлекет. «Үн дiлiк» деп бiз Үндiстанда
тұратын бар лық халықтарды айтамыз. Ал үндiлiктер өз кезегiнде
бенгалдық, пенджабтық, та мил дiк, хиндустандық деп бөлiнедi.
Олардың ұстанатын дiндерi де, тiлдерi де әртүрлi. Тек ағылшындар
ғана бүкiл үндiлiктердi бiр қолға жинақтап ұстай алды. Олар бүкiл
үндi жерiн темiржол желiсiмен байла ныстырып, бiртұтас нарыққа
біріктірді. Үндiстанда бiртұтас әкiмшiлiк және заң дар жинағы
пайда болды. Ағылшын тiлi бүкiл Үндiстанда ұлтаралық қатынас
тiлi бо лып қалыптасты. Бүкiл үндiлiктердiң отар шыл әкiмшiлiкке
қатысты бiртұтас мүдде сi қалыптасты. Ұлттық сана-сезiмнiң өсуi
Үндiстанды азат ету жолындағы ұлттық қозға лыстың қалыптасуына
негiз болды.
Ойлан
Үндістан халқы тілі мен діні жа ғынан өзара бөліне ме, әлде
біртұтас халық па?
Үндi қоғамының сауатты тобы жатжерлiк езгiге қарсы шығып,
отаршыл өкiметтен әкiмшiлiк реформалар жүргiзудi, елдi басқаруға
үндi халқының өкiлдерi де қатысуын талап еттi. Бiртiндеп бұл
әрекеттер ұйымдасқан қозғалысқа ұласа бастады. Iрi қалаларда
дiни-реформалық, ағарту шылық және саяси-патриоттық ұйымдар
132