Page 137 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 137
жаулап алды. Англияның Мысырды, Францияның Тунистi иемденуi
капиталистiк жыртқыштардың әлi бөлiнбеген Африканың орталық
және батыс аудандарын жаппай бөлiсу үшiн күресiне түрткi болды.
Африканы бөлiсу үшiн Англия мен Францияның бақталастығы ХIХ
ғасырдың 80—90-жылдарындағы басты мәселеге айналды. Англия
мен Франциядан кейiн Африкаға Бельгия, Германия, Италия
басқыншылары ұмтылды.
1884 жылы Конго өзенi алабының басым бөлiгiн Бельгия
бақылауына алды. 80—90-жылдары Франция өзiнiң иелiктерiн
Алжирмен көршi — Сахара шөлiн қосу арқылы кеңейте түстi. 1886
жылы Франция Мадагаскар аралдарын жаулап алды.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Ойлан
Африканы отарлауда қандай мемлекеттер арасында
бәсекелестік күрес жүрді?
Англия мен Францияның бөтен жерлердi жаулап алу барысында
бақталасатын орны жалғыз Африка ғана болған жоқ. Оларды, сондай-
ақ Азияның оңтүстiк-шығысындағы бай аудандар қызықтырды.
1877 жылдың соңында Англия Малайзияны құлдыққа түсiрудi
аяқтады, сөйтiп, онда өзiнiң протектораттығын орнатты. Франция
Үндiқытайдың оңтүстiк бөлiгiн иемденiп, Орталық Вьетнамға
шабуылдады. Тек 90-жылдардың соңында ғана кескiлескен
соғыстардан соң Вьетнам Францияның қол астына өттi.
Англия 1885 жылы Бирманы жаулап алуға асықты. Францияның
Вьетнамды бағындыруы және Англияның Бирманы басып алуы
бұл мемлекеттердi ендi Сиам (Таиланд) үшiн күреске килiктiрдi.
Ақырында басқыншылар бұл елдi бөлiсiп алды. Батысын Англия,
шығысын Франция иемдендi.
1884 жылы Оңтүстiк-Батыс Африкада бiрiншi герман отары
пайда болды. 1884—1885 жылдары Камерунда, Того және Шығыс
Африкада герман отарларының негiзi қаланды. 90-жылдардың
соңында Англия Африканы бөлiсудi аяқтауға таяды. 1886 жылы
ағылшындар генерал Китгенердiң басшылығымен Суданды жаулап
алуға кiрiстi. Содан кейiн ағылшын әскерi Нiл өзенi бойымен жоғары
қозғалды. 1898 жылы Фашод қарауыл бекетiнде олар француз әскери
бөлiмдерiмен кездестi. Мұнда ағылшын және француз әскерлерi
қарулы қақтығысқа түстi. Ағылшын үкiметi Францияға соғыс
ашпақ болып қорқытты. Өзiнiң ежелгi жауы Германия жақын
тұрғандықтан, Франция Англиямен соғыспауға шешiм қабылдады.
Француз әскерi Фашодты тастап шықты, сөйтiп, 1899 жылы Англия
мен Франция Африканы бөлiсу туралы келiсiм жасасты.
137