Page 135 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 135
үндеді. Радикалдар ағылшын үстемдiгiне қарсы күрес құралының
бiрi бойкот деп мәлiмдедi. Бұл қарсылық күрестiң түрi свàрàäжà
(өз билігіміз) және свадеши (өз өнеркәсібіміз) деп аталды. Оның
мәнiсi үнді халқының билігін өз қолына алуына қол жеткізу және
жас үндi өнеркәсiбiн бәсекелестiктен сақтап қалудың бiрден-бiр жо-
лы — ағылшын тауарларына бойкот жариялап, тек қана ұлттық
тауар ларды пайдалануға шақыру. Ағылшын өкiметi бұған қарсы
жазалау әрекеттерiн қолданып, оның ұйымдастырушыларын қамауға
да алып отырды. Тилак та осы әрекетi үшiн түрмеге қамалды.
Ойлан
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Отаршылдыққа қарсы күресте Тилак қандай күрес тәсіл-
дерін ұсынды?
ХIХ ғасырдың 80-жылдарында Үндiстанда Үндi Ұлттық Конгре-
сiнен басқа мұсылман ағартушыларының ұйымдары да құрылды. Бұл
ағартушылық қозғалыстың көсемi Саид Ахмед хан болды. Мұсылман-
дардың ағартушылық ұйымдары өз қатарынан сауатты әкiмдер даярлап,
мемлекеттiк қызметке орналастырып отырды.
Сөйтіп, ағылшын отаршылдары Үндістанды толық отарлап, билік
жүргізудің отарлық жаңа жүйесін құрды. Көпұлтты, әртүрлі діндегі
Үндістан халқы отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестерін
жалғастырып жатты.
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
1. Неліктен отаршылдар отарлық билік жүйесін өзгертуге барды деп ойлай-
сың?
2. Үнді Ұлттық Конгресін құруға кімдер атсалысты және оның маңызы қандай?
3. Үнді ұлт-азаттық күрестері неге жиілеп кетті?
4. Үндістандағы мұсылмандық ағартушылық ұйымдары не үшін құрылды деп
ойлайсың?
135