Page 138 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 138
Италиялық отарлау Италияның бiрiгуiнен соң басталды. Жас
корольдық өзiн күштi сезiнiп, отарлық иелiктерiн кеңейтiп жатқан
басқа державалардан артта қалғысы келмедi. Сол уақытта «Қара
материктi» бөлiсу қызу жүрiп жатқандықтан, италиялықтар да
соған қарай ұмтылды. 1882—1885 жылдары Италия Абиссиния
мен Қызыл теңiздiң үлкен жағалауы бойындағы Ассаб қаласын
және Массауа айлағын иемдендi. Сондай-ақ Сомали түбегiне иелiк
жасады. Арабтармен соғыстан кейiн италиялықтар 1884 жылы
Кассала қаласын иемденiп, Абиссиниядан батысқа қарай жылжыды.
Абиссиниямен (1895—1896) соғыста Италия сәтсiздiкке ұшырады.
1894 жылы шiлденiң соңында Жапония Қытайға қарсы соғыс
ашты. Соғыс 1895 жылы 17 сәуiрде Жапонияның Симоносеки
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
қаласында бiтiмге қол қоюмен аяқталды. Қытай Жапонияның
сауда кемелерi еркiн кiретiн бiрнеше порттық қалаларын ашуға
және Жапонияға соғыс шығындары үшiн 200 миллион лян өтемақы
төлеуге мәжбүр болды.
Жапонияға өтемақы төлеу үшiн Ресей мен Франция Қытайға
қаржылай несие бердi. Ресей ендi Қытайды Жапонияға қарсы
әрекетiнде өз жағына тарту мақсатымен 1896 жылы Қытаймен одақ
жасасып, егер Жапония жағынан Қытайға басқыншылық жасалса,
онда Қытайды қорғауға мiндеттендi. Ал Қытай осыған жауап
ретiнде Ресейге Шығыс Қытай темiржолын салуға және пайдалануға
концессия бердi.
Ойлан
Ресей неліктен Қытайға көмектесті, мақсаты қандай еді?
1897 жылдың соңында герман империалистерi Қытайдың
Циндао порты мен Цзяочжоу бухтасын басып алды және Шаньдун
провинциясын өзiнiң ықпал ету аймағына айналдырды. Франция
Қытайдың Гуанжоувань бухтасына өзiнiң ықпал жүргiзуiн
қамтамасыз еттi және көршiлес Үндiқытайға темiржол құрылысын
сала бастады. 1898 жылдың басындағы орыс-қытай келiсiмi бойынша
Қытай Ресейге Порт-Артур мен Ляодун түбегiн жалға бердi.
ХХ ғасыр басында дүниежүзiн аумақтық тұрғыдан бөлiсу аяқталды.
«Бос жер» тiптi қалған жоқ. Империалистiк державалардың мақсаты
тауар өткiзу мен шикiзат көзiн соғыс арқылы табу болатын. Өздерiн
Африкадағы бөлiстен құралақан қалдық деп есептеген герман
империалистерi оның орнын Таяу Шығыстағы басқыншылық
әрекетiмен толтырмақ болды.
138