Page 133 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 133
құрылды. Еуропалық үлгiдегi жоғары оқу орындарында бiлiм
алған сауатты азаматтар отарлық қанауға наразылығын айқын
көрсете бiлдi. Осы либералдық топтар үндi ұлттық қозғалысының
жетекшi күшi болды. Олар Үндiстанның толық тәуелсiздiгiн емес,
Британ империясы құра мындағы өзiн-өзi басқару құқығына ие
болуды көздедi және үндiлiктер мен ағылшындардың құқықтарын
теңестiрудi талап еттi.
Либералдар вице-король мен губернаторлар жанынан үндi
тұрғындарының өкiлдiктерiн құруды ұсынды. Сондай-ақ олар жас
үндi өнеркәсiбiн Англия тарапынан туып отырған бәсекелестiктен
қорғау шараларын қабылдауды талап еттi. Бейтарап либералдар
үкiмет рұқсат еткен шеңберде ғана әрекет жасады. Олар да еуропалық
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
либералдар сияқты халықтың бұқаралық саяси қозғалысының
өрлеуiнен қорықты.
1885 жылы желтоқсанда бейтарап либералдар, яғни үнді
буржуазиясы мен жер иеленушілерінің бастамасымен алғашқы
жалпыүндiлiк саяси партия — Үндi Ұлттық Конгресi (ҮҰК)
құрылды. Оның негізін қалаған үнді ауқатты топтарының өкілдері
Д.Наороджи, Г.К.Гокхале, М.Г.Ранаде, С.Н.Баннерджи және
басқалар болды. Ұлттық Конгрестiң iшкi құрылысы — либералдық
және радикалдық екi ағымнан құралды. Либералдық қанатты iрi
буржуазия, зиялы қауымның ең жоғарғы тобы мен ұлттық iрi
Бірінші Үнді Ұлттық Конгресі. 1885 ж.
133