Page 134 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 134
жер иеленушiлер құрады, ал радикалдық қанатта ұсақ буржуазия
өкiлдерi, қала қызметкерлерiнiң орташа топтары мен шаруалардың
ауқатты тобы болды.
Аныӧта
ӬндӠ Ӯлттыӧ КонгресӠн ӧандай топтар ӧӯрӣан едӠ?
Конгрестің негізі қаланған алғашқы жылдарда оның нақты айқын
бағдарламасы мен жарғысы болмады. Бірақ жыл сайын әртүрлі
қалаларда өткізіліп отырған партияның жиындарында туындаған
мәселелерге қатысты қаулылар қабылдап, осы шешімдерді партия-
ның қызметін атқаруда басшылыққа алып отырды.
Үнді Ұлттық Конгресі құрылған алғашқы жылдарда ағылшын
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
билігі оған жылыпейілділік танытып, оған қолдау көрсетті. Бұндай
қолдаудың астарын Үндістандағы 1884—1888 жылдары вице-
король болған лорд Дафферин былай деп ашып айтты: «Конгресс
төңкеріске қарағанда арзанырақ». Яғни, халықтың төңкеріске
шығып, жағдайды ушықтырғанынан гөрі, олардың өз ұйымдарын
құруға рұқсат беріп, халықты жаппай көтеріліске шығудан сақтап,
алдаусырату мақсатын көздеді.
Конгресс жетекшілері үнділіктердің вице-король мен губернатор
жанындағы кеңесші ұйымға кеңінен тартылуын, кеңестің құзы-
рына қаржы мен салық жүйесін бақылап отыру құқын беруді,
үн ді ліктерден мемлекеттік қызметке келуін талап етті. Алғашқы
жалпыүнділік ұйым Конгрестің құрылуы — үнді халқының ұлттық
сана-сезімінің оянуына зор ықпал етті.
1899 жылы Конгрестің уставы немесе Ата заңы (Конституция)
қабылданды.
Ұлттық қозғалыстың өсуi — ағылшындарды кейбiр жеңiлдiктер
жасауға мәжбүр еттi. ХIХ ғасырдың 80-жылдарында қалалар мен
ауылдық жерлерде өзiн-өзi басқару құқығы енгiзiлдi. Сайлауға
қаладағы ауқатты адамдар, ал ауылда жер иелiктерi барлар ғана
қатыса алатын едi.
1892 жылы Британ парламентi либералдардың тағы бiр талабын
қанағаттандырып, губернаторлар жанынан кеңесшi ұйымдар құруға
рұқсат бердi. Ұлттық Конгрестiң ішіндегі ұсақ буржуазиялық
демократиялық бағыт ұстанған радикалдық топтың көсемi Б.Òилàê
болды. Б.Тилак: «Барлық еуропалық ықпал дарға индуизмнiң
дәстүрлi құндылықтарын қарама-қарсы қойып, Үн дiстанның
ұлттық қозғалысы оны халық бұқарасы толық қолдағанда ғана
жеңiске жетедi», — деп мәлiмдедi. Олар халықты белсенді түрде
отаршылдыққа қарсы күреске шақырып, ұлт-азаттық күреске
134