Page 142 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 142

төлеп тұрды. Түркияның езгiсiндегi халықтардың ұлт-азаттық күресi
             70-жылдар ортасында жаңа, бiршама ұйымдасқан кезеңiне өттi.
                 1875 жылы жазда, алдымен Герцеговинада, содан кейiн Боснияда
             түрiк  үстемдiгiне  қарсы  көтерiлiс  тұтанды.  Түрiк  әскерлерiнiң
             тықсыруымен  сербтер  жеңiлiске  ұшырады.  Серб  өкiметiн  құпия
             жақтап отырған Ресей Түркия ғана емес, Еуропа державаларымен
             де қақтығысқа барғысы келмедi.
                 Герман  өкiметi  Балқандағы  Австро-Венгрия  басқыншылығын
             қолдай отырып, Ресейдi Түркиямен соғысқа итермеледi, Ресейдiң
             көңiлiн Еуропадағы мәселелерден басқа жаққа аударуға тырысты,
             сөйтiп,  Германия  Францияны  екiншi  рет  талқандауға  мүмкiндiк
             алғысы келдi.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
               Ойлан

                          Ресей неліктен Қытайға көмектесті, мақсаты қандай еді?


                 1877 жылы 24 сәуiрде Ресей Түркияға соғыс жариялады. Орыс
             әскерлерi Адрианопольдi алып, Константинопольды құлатуға жақын
             қалған кезде түрiк өкiметi бiтiмге келiсiм сұрады.
                 1878 жылы 3 наурызда Сан-Стефанода Ресейге Карс, Ардаган,
             Баязет және Батуми қалаларын беру және Қырым соғысынан соң
             Ресейден тартып алынған Бессарабияның оңтүстiк бөлiгiн қайтаруды
             қарастырған бiтiмшартына қол қойылды. Бұл шарттың бiр пунктi
             Балқан  мемлекеттерiнiң  аумақтық  құрылымына  қатысты  болды.
             Өзiндiк  бiртұтас  Балқан  мемлекеттерi:  Черногория,  Сербия  және
             Румыния  заңды  түрде  толық  тәуелсiздiк  алды.  Болгария  Сан-
             Стефано  шарты  бойынша  Константинопольға  жақын  келiп,  Эгей
             теңiзi жағалауының бiрқатар бөлiгiн қосып алды. Осылайша Сан-
             Стефано шарты серб және румын халықтарын түрiк езгiсiнен толық
             азат еттi және Болгарияның жартылай азаттық алуына жол ашты.


                Аныӧта
                Ӧандай елдер тӭрӠк езгӠсӠнен азаттыӧ алып, тәуелсӠз ел болды?
                 Ағылшындық  билеушi  топ  Ресейдiң  Жерорта  теңiзiнiң
             шығыс бөлiгiндегi өзiнiң позициясын күшейту үшiн Болгарияны
             пайдаланады  деп  қауiптенiп,  болгарлардың  шегарасын  анықтау
             «сызығын»  тапты.  Ол  «сызық»  Балқанда  үстемдiкке  ие  болып
             отырған Англия үшiн қолайлы жағдай тудырды.
                 1878  жылы  13  маусымда  шақырылған  Берлин  конгресi  Сан-
             Стефанода қабылданған шешiмдердi қайта қарау туралы мәселелердi
             талқылай бастады. Конгресс жұмысы нәтижесiнде Берлин трактатына
             қол қойылды. Ол бойынша Карс, Ардаган, Батуми Ресейге өтiп,
             142
   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146   147