Page 144 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 144
сақтауға мiндеттендi. Бисмарктiң орнына келген жаңа канцлер
Капривидің сыртқы саясатта ұстанған «жалпы бағыты» бойынша
Германия француз-орыс блогына қарсы соғысқа дайындалуға тиiс
болды.
1887 жылғы француз-герман қақтығысынан кейiн Франция
өкiметi Петербургте Ресеймен әскери одақ құру мүмкiндiктерiн
ойластыра бастаған.
Француз-орыс одағы. 1891 жылы тамызда француз-орыс пактi
жасалды. 1893 жылы жазда француз Бас штабының өкiлдерi мен
орыс Бас штабының өкiлдерi әскери конвенцияға қол қойды.
Ол өте құпия сипатта болды. Әскери конвенция 1893 жылдың
соңында бекiтiлдi. Осылайша 1891, 1892 және 1893 жылдардағы
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
келiсiмдермен француз-орыс одағы ресми сипат алды.
Ойлан
Үштік одақты қандай мемлекеттер құрды? Олар кімдерге
қарсы саясат ұстады?
Германия өзiнiң алдына дүниежүзiн бөлiсуге байланысты
ауқымды мiндеттер қоя отырып, аса қуатты флот құруға кiрiстi.
Ағылшын-герман бақталастығы күшейе түстi, Англия дүниенi бөлiсу
үшiн болатын соғыста өзiне одақтастар iздестiре бастады. Англия
мен Франция арасында одақ туралы келiссөздер басталды.
ПӠкӠрталас
Французорыс одаӣына таӣы кӠмдер ӧосылӣысы келдӠ? Ӧандай маӧ
сат пен?
Құрылған екі әскери одақ бір-бірінен асып түсіп, күш көрсетуге
кірісті. Бұл екі жақтың соғысқа әзірлігін тездетті. Еуропа мен әлем
халқы екі әскери одақтың талан-таражына айналып, дүниежүзілік
соғыстың табалдырығына таяды.
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
1. Англия мен Франция арасындағы бақталастық күрес ХIХ ғасырдың соңғы
ширегiнде қай құрлықта шиеленiсе түстi?
2. Қиыр Шығыста қай ел басқыншылық саясатқа көшiп, көршi елдерге көз
аларта бастады?
3. Сан-Стефано келiсiмi бойынша қандай елдер өз тәуелсiздiгiне қол жеткiздi?
4. Неліктен Бисмарк Франциямен басқа елдердің арасын шиеленістіруге
ұмтылды?
144