Page 149 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 149
бөлігін беруге мәжбүр болды. 1867
жылы бар болғаны 7 миллион долларға
АҚШ Ресейден Алясканы сатып
алды. Осылайша елдің Атлантикадан
Тынық мұхитына дейінгі қазіргі
аумағы құрылды. Кейінгі жылдары
АҚШ-тың иеліктері Тынық мұхиты
бассейніндегі аралдарды жаулап алу
есебінен ұлғайды.
Осылай XIX ғасырдың ортасында
АҚШ аумағы шамамен 10 есеге арт-
ты. АҚШ аумағының кеңеюі тұр-
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
ғындардың да жылдам өсуімен қатар «Монро доктринасы»
жүрді. Бұл тек табиғи өсіммен ғана
емес, сонымен қатар Еуропадан келген көші-қон және Батыс
Африкадан құлдарды алып келу есебінен де болды.
«Монро доктринасы». АҚШ-тың сыртқы саясатын одан әрі
негіздеу «Монро доктринасын» қабылдаудан көрініс тапты. 1823
жылы президент Дж. Монро тарихқа «Монро доктри насы» атауымен
енген жарлықты жариялады. Құжатта АҚШ Англияда ғы сияқты
басқарудың монархиялық формасын қаламайтындығы және оның
таралуына жол бермейтіндігі туралы айтылды. Құжатта еуропалық
мемлекеттердің АҚШ-тың ішкі іс теріне араласпау идеясы негізделді.
Америка құрлығында испан-пор ту гал отарларының бөлінуі
нәтижесінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылды. АҚШ үкіметі ел
аумағын испан-америкалық иеліктер есебінен кеңейту перспек тива-
сынан бас тартқысы келмеді. Доктринаға сәйкес америкалық үкімет
кез келген латынамерикалық елге жасалған қастандықты АҚШ-қа
жасалған соққы ретінде қабылдады. «Америка — америкалықтар
үшін» деген аймақтық патриотизм қағидаты осылай жарияланды.
АҚШ өзін екі америкалық құр лықтағы тұрақтылықтың кепілі,
бұл аймақтарға еуропалық держава лардың отарлық басып алу
мақсатымен енуіне жол бермейтін мемлекет ретінде көрсетті.
«Монро доктринасы» америкалық оқшаулану саясатының негізін
қалады. Ол елдің сыртқы саясатында бір ғасыр бойы үстемдік етті
және іс жүзінде Латын Америкасын АҚШ-тың маңызды мүдделері
бар аймағы ретінде таныды.
Ойлан
«Монро доктринасы» қандай негізгі қағиданы дәлелдеді?
149