Page 151 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 151
дамуы үшін негіз қалады. Алайда Оңтүстікте құл еңбегіне негізделген
ірі жериеленушілік сақталды. Солтүстік штаттарда құлдық XIX
ғасырдың басында жойылса, Оңтүстікте 1860 жылы 4 миллион құлдар
болды. Оңтүстіктің құлиеленушілік штаттарында плантаторлар —
құл ие ленушілер басшылық етті. ХVІІІ ғасырдың соңынан мақта
өсіре бастаған олар бай лыққа, құдіретке және ықпалға ие болды.
Мақта плантациясынан басқа Оңтүстікте темекі, күріш және қант
плантациялары да болды. Оңтүстіктің плантаторлары үнемі жаңа
жерлерге мұқтаж болды, өйткені мақта мен темекі топырақтың
құнарлылығын жойып жіберді және батыстағы құнарлы жерлерді
жаулап алуға тырысты. Бірақ бұл жерлерге Солтүстікамерикалық
буржуазия, фермерлер, жер ауып келгендер де үмітті еді.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Осылайша XIX ғасырдың бірінші жартысында АҚШ-та буржуа-
зиялық дамудың екі жолы айқын көрінді: бірі — солтүстіктегі
фермерлік шаруашылық, екіншісі — оңтүстіктегі құлиеленушілік
плантациялық шаруашылық.
Оңтүстіктің құлиеленушілері мен солтүстіктің буржуазиясының
ауыл шаруашылығында буржуазиялық дамудың осы немесе
басқа түрін орнатқандығы үшін пайда болған қақтығыстар сәтсіз
болды. Плантаторлар жаңа құлиеленушілік штаттар құруға қы-
зығушылық танытты. Солтүстік буржуазиясы бұған қарсы болды.
Бұл екі экономикалық жүйе нығайтылған буржуазия мен әлсіреген
құлиеленушілер арасындағы қырғын күрестің бастамасы болды.
Ойлан
АҚШ-тың экономикалық дамуының екі жолының айырма-
шылығы қандай болды?
Құлдықты жою қозғалысы. ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ-
тағы саяси күрестегі аса шиеленісті мәселе құлдық мәселесі
болды. Құлдар қатаң эксплуатацияға қарсылық көрсетті. Олар
Солтүстік штаттарға қарай қашты, құлиеленушілерге қарсы қарулы
көтерілістер жасалды. Үкімет әскерлері және жергілікті жасақтар
көтерілісшілерді аяусыз жазалады. Оңтүстіктегі Линч соты құлдарға
сотсыз және тергеусіз жаза қолданды. Бұл америкалық қоғам
тарихындағы жантүршігерлік оқиға болатын.
Құлдардың оңтүстіктің құлиеленушілік штаттарынан солтүстікке
жөнелту әрекетімен «Жерасты теміржолы» атты жасырын ұйым
айналысты. 1830—1861 жылдар осы жолмен Солтүстікке 60 мыңнан
аса құл жөнелтіліп, оларға еркіндік беру мүмкіндігі туды.
151