Page 154 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 154

1861—1865  жылдардағы  АҚШ-тағы  азамат
                                    соғысы. Бірінші қарулы қақтығыс 1861 жылы
                                    12  сәуірде  болды.  Президент  А.Линкольн
                                    Оңтүстікті  теңіз  жағынан  қоршауға  алып,
                                    оңтүстік  штаттардағы  көтерілісті  басу  үшін
                                    үкімет әскерінің құрамына 75 мың еріктілерді
                                    шақырды.  АҚШ  тарихындағы  ең  қантөгісті
                                    соғыс  —  солтүстік  пен  оңтүстік  арасындағы
                                    азамат соғысы осылай басталды. Бұл соғыс екі
                                    қоғамдық  жүйенің  арасындағы  экономикалық
                                    және  әлеуметтік-саяси  жалдамалы  еңбек  пен
                 А. Линкольн        құлдық  жүйедегі  қарама-қайшылықтардың
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
                                    өршуінің нәтижесі болды.
                 Азамат соғысында Солтүстіктің көп артықшылығы болды. Ол 22
             мил лион тұрғынымен 23 штатты, ал Оңтүстік тек 9 миллион тұрғыны
             бар 11 штатты біріктірді. Экономика саласында да солтүстік едәуір
             жоғары тұрды. Бүкіл қару-жарақ өндірісі, паровоз, вагон, тоқыма
             және аяқкиім өндірісінің барлығы солтүстікте шоғырланған еді.
                 Алайда кейбір артықшылықтар Оңтүстік тарапында да болды.
             Оңтүстік күшті әскери дайындыққа ие болды. Бар лық ер адамдар
             қаруды  пайдалана  білді.  1861  жыл  солтүстік  үшін  тек  жеңіліс

             әкелді.  Соғыстағы  бетбұрыс  А.Лин кольн  үкіметінің  шаралары
             нәтижесінде жүзеге асты. 1862 жылы А.Лин кольн үкіметі соғысты
             жүргізудің  революциялық  әдістеріне  көшті.  Әскер  солтүстікке
             қашып келген мыңдаған еріктілер мен құлдармен толықтырылды,
             жаппай  әскери  міндеттіліктер  енгізілді,  бүлікшілердің  мүліктері
             тәркіленді.  Ең  басты  нәрсе  А.Линкольн  үкіметімен  екі  маңызды
             заң: Гомстедтер туралы заң (1862) және «Құлдарды азат ету актісі»
             (1862) қабылданды.
                                       Гомстедтер  туралы  заң  Құрама  Штаттарға
                                    қарсы  көтеріліске  қатыспаған  және  10  доллар
                                    салық  төлеген  кез  келген  азаматқа  бос  жер-
                                    леріндегі 160 акр (65 га) жер телімін, яғни ие-
                                    лену құқығын берді. Жерде бес жыл тұрғаннан
                                    кейін ол тегін сол адамның меншігіне өтті. Бұл
                                    аграрлық мәселенің түбегейлі шешімі болды.
                                       Екінші  заң  барлық  құлдарды  1863  жылы
                                    1 қаңтардан бастап ерікті деп жариялады. Кон-
                                    федерацияның  енді  берік  қорғанысы  болма-
                                    ды, ал құлдар болса солтүстік жағына шығып,
                   У. Грант         федералды  әскердің  құрамында  қызмет  ете

             154
   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159