Page 157 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 157

Ойлан
                     Неге XIX ғасырдың соңында АҚШ экономикалық дамыған
                     ел болды?

            Испан-Америка соғысы. XIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың
        басында  АҚШ-тың  батыс  жартышардағы  үстемдігі  нығайды.
        АҚШ сол кездегі ең заманауи қарулармен жабдықталған әскеріне
        сүйене  отырып,  азамат  соғысын  аяқтады.  Теңіз  флотында  ұсақ
        крейсерлердің орнына әлемнің ірі флоттарына қарсы тұра алатын
        дредноуттар сала бастады.
            Батыс  жартышарында  Құрама  Штаттарға  бір  ғана  еуропалық
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
        держава — Испания ғана қарсы тұрды. 1898 жылы сәуірде АҚШ
        Испанияға қарсы бұған дейін ұлт-азаттық шайқас болып жатқан
        Филиппинде,  Гуамада,  Пуэрто-Рико  мен  Кубада  белсенді  әскери
        әрекеттерін  бастады.  АҚШ  күресуші  халықтардың  одақтастары
        ретінде өз әскерін аралдарға түсіріп, испандықтардың қарсылығын
        тойтарып тастады.
            1898 жылғы Испан-Америка соғысы нәтижесінде АҚШ Пуэрто-
        Риконы,  Гуам  аралын,  Филиппинді  жаулап  алды,  тәуелсіздігін
        жариялауға ұмтылған Кубаны басып алды.
            Испан-Америка соғысы әлемдік саясаттағы елеулі кезең болды.
        АҚШ  Испанияға  тиесілі  отарларды  иеленді.  Бұл  әлемді  қайта
        бөлісу үшін болған бірінші соғыс болды. Испан-Америка соғысының
        нәтижесі  АҚШ-ты  отарлық  иеліктер  үшін  ғана  емес,  сондай-ақ
        бүкіл дүниежүзіне үстемдік жасау үшін күресетін отаршыл держава
        дәрежесіне жеткізді.


          Ойлан
                     1898 жылғы Испан-Америка соғысының себебі неде?


            АҚШ-тың Қиыршығыстық саясаты. XIX ғасырдың ортасында
        Батыс елдері Қытайдың әлсірегенін пайдаланды және мемлекетті
        күшпен «ашу» үшін қаруланған шабуылдарды бастады. Сонымен
        қатар  АҚШ  Қиыр  Шығыс қа  қызығушылық  танытты  және  1844
        жылы Англияның үлгісін ұстана отырып, Қытайды өзімен әділетсіз
        келісімшартқа қол қоюға мәжбүр етті.
            АҚШ  Жапонияға  әскери  экспедицияны    командор  Перридің
        басқаруымен жабдық тады. Ұзақ келі ссөздерден кейін 1854 жылы
        бірінші жапон -американ келісімшартына қол қойылды. Осылайша
        АҚШ  күшпен  Жапонияны  «ашты»,  оны  оқшаулану  саясатынан

                                                                                    157
   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162