Page 160 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 160

жапон  қоғамының  iргесiн  шайқалтып,  үлкен  әлеуметтiк-саяси
             өзгерiстерге әкелетiн алғышарттарды күшейттi.



               Ойлан
                          Жапонияның экономикалық дамуын қалай сипаттар едің?
                          Экономиканың қандай салалары жақсы дамыды?


                 Еуропалықтардың Жапонияны «ашуы». Жапония мемлекетiнiң
             бүкiл жерi iрiлi-ұсақты аралдардан тұрады. ХIХ ғасырда жапон-
             дықтар, негiзiнен, iрi үш аралда қоныстанды: Хонсю, Кюсю және
             Сикоку. Ал Хоккайдо аралының солтүстiгiнде тұратын жергiлiктi
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             халық — айныларды жапондықтар бiртiндеп ығыстыра бастаған едi.
                 XVIII ғасырдың соңы мен ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында
             АҚШ, Англия, Франция, Ресей сияқты мемлекеттер бiрнеше рет
             Жапонияның «жабық есiк» саясатын бұзбақ болып әрекеттендi. АҚШ
             Жапония жағалауларына жетi экспедиция аттандырды. Бiрақ бәрi
             де Токугава сегунаты тарапынан тойтарыс алып, керi оралды. Ресей
             Жапониямен сауда байланысын жасау үшiн А.Ëàêсмàí басқарған
             елшiлiк  кемесiн  аттандырды.  Жапон  үкiметi  ресми  байланысқа
             рұқсат  бермедi.  Н.Ðåзàíîв  басқарған  елшiлiк  те  осылай  сәтсiз
             оралды. Осыдан кейiн АҚШ Жапонияның «жабық есiк» саясатын
             күшпен күйретуге кiрiстi. АҚШ командор М.Ïåрри басқарған әскери
             кеменi Жапонияға аттандырды.
                 Жапония  жағалауларына  келген  Перри  күш  көрсетiп,  ел
             басшыларынан келiсiмге қол қоюды талап еттi. Жапон үкiметiнен
             жауапты  бiр  жылдан  соң  Қытайдан  қайтар  жолда  алатынын,
             егер дұрыс жауап болмаса, күш қолданылатынын ескерттi. Елде
             АҚШ-тың  күш  көрсету  саясатына  байланысты  сегун  билiгiнiң
             дәрменсiздiгiн айыптаған саяси дағдарыс одан әрi өрши түстi.
                 1854  жылы  13  ақпанда  Перри  Жапонияға  оралды.  Келiссөз
             кезiнде  ол  күш  қолдануға  дейiн  баратынын  айтып  сес  көрсеттi.
             Сегун  үкiметi  елдегi  саяси  дағдарыс  пен  қаржы  тапшылығынан
             туындаған ауыр жағдайды ескере отырып, АҚШ-пен соғысқа барудан
             қорықты. Сөйтiп, 1854 жылы 13 наурызда Канагава деген жерде
             бiрiншi жапон-американ келiсiмшартына қол қойылды.
                 Келiсiмшарт бойынша Жапония Америка кемелерi үшiн Ñимîäà
             және  Хàêîäàтэ  порттарын  ашуға  мәжбүр  болды.  Осылайша  215
             жылға  созылған  Жапонияның  «жабық  есiк»  саясаты  күйредi.
             Осыдан  кейiн  iле-шала  басқа  державалар  Жапониямен  келiссөз
             жүргiзе бастады.

             160
   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165