Page 161 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 161
1854 жылы жапон-ағылшын, 1855 жылы орыс-жапон, 1856 жылы
голланд-жапон, 1858 жылы француз-жапон келiсiмшарттарына
қол қойылды. Бұл елдердiң азаматтары Жапонияда төтенше
қорғалатын құқыққа ие болды, жапон өкiметi олар үшiн сауда
жасауға жеңiлдiктер бердi. Келiсiмшарттар Жапония үшiн ерiктен
тыс және әдiлетсiз сипатта болды.
Аныӧта
Жапонияны кӭшпен ашуда ӧандай мемлекеттер белсендӠлӠк танытты? Не себептен?
Жапонияның «ашылуы» бiрқатар зардаптарға соқтырды. Сегун
билiгi жатжерлiктер алдында тiзе бүктi. Бұл сегунға қарсы бай топ-
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
тардың күресiн күшейттi. Сондай-ақ Батыс елдерімен жүргiзiлген
сауда байланыстары Жапония үшiн тиiмсiз болып, ол экономиканы
құлдырата түстi. Жапонияда арзан еуропалық тауарлар қаптап
кеттi, жергiлiктi саудагерлер мен кәсiпкерлер бұған қарсы тұра
алмады. Сауда тепе-теңдiгi бұзылды, алтын мен күмiс айналымда
шетел саудагерлерiнiң қалтасына түсiп, сыртқа ағылды. Бағалы
металдардың бағасы күрт өстi. Шаруалардың ақша табу көзi
жойылды. Бұл апатты жапон халқы сегунның кiнәсiнан деп түсiндi.
Шетелдiктермен әдiлетсiз келi сiмшарт жасасқан сегун басты
айыпкер саналды. Жапонияға еуропалықтардың келуiне жаппай
наразылық көрсеткен қозғалыс сегунға және шетелдiктерге қарсы
бағытталды. Қозғалысқа қатысушылар император билiгiн қалпына
келтiрудi талап еттi.
Жапондықтар императордың жекебасын дәрiптеп, оны тiкелей
күн құдайы — Аматерасудан тараған деп есептедi. Жапондықтардың
син тоизм дiнi ұғымы бойынша, императорлар әулетi жойылған жоқ,
тек қана оның қолынан билiктi алып қойды. Император өз отбасымен
оңаша Киото қаласында тұрып жатты. Ол ақсүйек
әкiмдермен де ара ласа алған жоқ. Оған тәуелдi
бағыныштылар да (вассалдар) болмады.
ғ
л
Ж а о н ж а а а у ы н д а А Қ Ш к о м а н д о р ы
п
Перридiң кемесi пайда болған кезде, үре йi
ұшқан сегун императордан «жабайы, дөрекi
варварлармен» қа лай сөй лесу керектiгi жөнiнде
ақыл сұрайды. Император (микадо) шетел дiк тер-
ге ешқандай тiзебүгушiлiк болмауы керек екенін
айтады. Бiрақ сегун бұл ақыл ды iске асыра алған
жоқ. Аса қуатты қарумен қаруланған шетел дiк-
тер алдында тiзе бүктi. Мұны оның қарсыластары Император
жақсы пайдалан ды. Муцухито
161