Page 156 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 156
жерлер мен білім беру, қоғамдық жерлерде, көлік мәселелері мен
өндіріс орындарында нәсілдік бөлектеуді заңдастырды.
Қайта құрылымдаудың басты нәтижесі елдің оңтүстігінде
капиталистік қатынастардың дамуы үшін жағдайлар жасау,
бірыңғай ұлттық нарық құру үдерісінің аяқталуы болды.
Гомстед-актіні өмірге әкелу АҚШ-тың аумақты жерлерінде
халықтың қоныстануын жылдамдатты, бұл өндірістік күштің
қарқынды дамуына, капитализмнің еркін және кең етек жаюына
мүмкіндік берді.
Аныӧта
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Ӧайта ӧӯрылымдаудыӫ маӧсаты неде болды?
АҚШ-тың өнеркәсіптік өркендеуі мен әлеуметтік-экономикалық
дамуы. Азамат соғысы аяқталған соң, АҚШ-та қоғам өмірінің бар-
лық аясында өзгерістер болды. Аграрлық республикадан мемлекет
индустриялық державаға айналды. АҚШ тұрғындары 31 миллионнан
76 миллионға дейін артты. Үндіс тайпалары өздерінің ежелгі жерле-
рінен қуылды. Ірі өнеркәсіптік қалалар жылдам артты: Нью-Йорк,
Чикаго, Детройт және т.б. Одақ құрамына 12 жаңа штат қабылданды.
АҚШ-тың жылдам экономикалық дамуы басталды. Бұған
бірқатар қолайлы жағдайлардың болуы әсер етті:
1) АҚШ табиғат ресурстары мен құнарлы жерлерге бай болды;
2) кәсіпорындарда қара нәсілдердің, үндістердің және мексикан-
дықтардың арзан еңбегін пайдалану үлкен табыс әкелді;
3) АҚШ-та сословиелік шектеулер және адамның жеке ынтасына
еш нәрсе бөгет болмады;
4) АҚШ қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жауынгер көршілер жоқ
болды. Бұл артық әскери шығындардың болмауына себеп
болды.
Мұның барлығы америкалық өнеркәсіптің қарқынды дамуына
мүмкіндік берді. Көптеген корпорациялар монополияға айналды.
АҚШ өлшемі бойынша бұған дейін болмаған үлкен капиталдардың
бірігуі пайда болды. Рокфеллер мен Морганның ірі трестері
ерекшеленді. Сонымен Америкада және басқа елдерде «Рокфеллер»
«өте бай» деген сөздің синонимі болды.
АҚШ-тың XIX ғасырдың соңындағы жылдам шаруашылықтық
дамуы елдің жүзжылдықта болып көрмеген экономикалық өсуінің
бастамасы болды. АҚШ өнеркәсіп пен шаруашылықтың дамуы
бойынша сенімді түрде басқа елдерден алда келе жатты.
156