Page 152 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 152

Құлдардың  көтерілісі  тек  құлиеленушілердің  әрекетімен
             ғана  аяқталған  жоқ.  Елде  құлдықты  жоюға  байланысты  жалпы
             ұлттық  қозғалыс  —  àбîлициîíизм  (ағылш.  аbolition  —  жою)
             басталды,  бұл  солтүстікаме рикалықтардың  күштерін  біріктірді.
             АҚШ-тағы құлдықты жоюды жақтағандар — àбîлициîíистåр деп
             аталды.
                 АҚШ-тың екіпартиялы жүйесі. XIX ғасырдың басында феде ралистер
             және  демократиялық-республикашылдар  саяси  партияларының
             келіспеушілігі шиеленісіп кетті. Елдегі плантаторлардың ұстанымы
             өте мықты болды. 1828 жылы олар демократиялық партияға бірікті
             және біраз үзіліспен 30 жыл билікте болды.
                 Солтүстік  пен  оңтүстіктің  арасында  қарба ластық  арта  берді,
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             оның себебі екі аймақтың экономикалық мүд делерінің қайшылығы
             болды. Оңтүстікке қарсы 1854 жылы Чикаго қаласында құрыл ған
             республикалық  партиясы  шықты.  Партия  мемлекеттегі  құлие-
             ленушілік қағидаларды түп-тамырымен жоюды және мұқтаждарға
             жерді таратып беруді жақтады.  Республикалық және демократиялық
             партиялар арасындағы күрес солтүстікте дамып келе жатқан еркін
             нарықтық  қатынас  пен  оңтүс тіктегі  құлиеленушілік  жүйенің
             қарама-қайшылықтарын көрсетті.

               Ойлан

                          Демократиялық және республикалық партияның айыр-
                          машылығы неде болды?


               БӠлӠмӠӫдӠ тексер


               1.  АҚШ-тағы «Айқын болашақ» идеясының мақсаты неде болды?
               2.  Аболиционистер деген кімдер?
               3.  Оңтүстік штаттардағы құлдар қандай қарсылық түрлерін қолданды?
               4.  Неге құлдар Солтүстікке қашуға тырысты?



















             152
   147   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157