Page 150 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 150

АҚШ-тың  экономикалық  дамуы.  XVIII  ғасырдың  соңындағы
             Америка лықтардың  Англияға  қарсы  тәуелсіздік  үшін  соғысы
             АҚШ-тың капиталистік дамуына жағдай жасады. Экономиканың
             қарқынды дамуына қолайлы климат және пайдалы кен қазба бай-
             лығы мүмкіндік берді. Алайда АҚШ-та капиталистік қатынастар
             біркелкі  дамымады.  Егер  Солтүстік  штаттарда  буржуазиялық
             ережелер, фермерлік ауыл шаруашылығы тез бекітіліп, капиталистік
             өнеркәсіп өссе,  оңтүстік штаттарда құлиеленушілік жүйе үстемдік
             етті. АҚШ-тың аумағы өсуімен қатар құлдық жаңа жерлерге тарады,
             бұл  капитализмнің дамуына айтарлықтай қауіп төндірді.
                 XIX ғасырдың бірінші жартысындағы АҚШ-тың әлеуметтік және
             экономикалық дамуы елдің ХХ ғасырдағы бұрын-соңды  болмаған
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             экономикалық өсуінің бастамасы ғана болды. АҚШ өнеркәсіппен
             ауылшаруашылығының  дамуы  бойынша  басқа  елдердің  алдында
             көш бастады. Жер үшін күрес  өзіндік  ерекшеліктерге ие болды.
             Америкада феодалдық түрдегі помещиктер және басыбайлы шаруалар
             болмады. Скваттерлік саясат жүргізілді. Ол «бос» жерлерді, яғни
             байырғы тұрғындар — үндістердің жер телімдерін тартып алу дегенді
             білдірді. Алайда жер ауып келгендерге де ақша керек болды. Ірі
             және кішігірім жер иелері арасында күрес болып жатты.
                 Солтүстіктегі  скваттерлік  пен  батыстағы  жерлерді  мемлекет
             иелігіне алу капитализмнің егіншаруашылығының фермерлік жолмен

































                                  XIX ғасырдағы АҚШ өндірісінің өсуі
             150
   145   146   147   148   149   150   151   152   153   154   155