Page 155 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 155
бастады. Әскери бастама солтүстікке көшті. 1864 жылы солтүстіктің
бас қолбасшысы болып генерал У.Грант тағайындалды. Оның
әскері конфедерация астанасын қоршап алды және 1865 жылы оны
иеленді. 1865 жылы көктемде оңтүстіктіктер жеңіліс тапты, әскери
әрекеттер аяқталған соң 5 күннен кейін, президент Авраам Линкольн
өлтірілді.
1861—1865 жылдары соғыс өте қатал және қантөгісті болды.
Соғыста солтүстіктің жеңіске жетуі мемлекеттің бытыраң қылығын
жоюды, құлдықты болдырмауды, елдің батысындағы аграрлық
мәселелерді демократиялық шешуді, АҚШ-тың үлкен аумағындағы
ауыл шаруашылығының дамуының фермерлік жо лы нының жеңісін,
азаматтардың демократиялық құқықтарын кеңейтуді қамтамасыз
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
етті. Солтүстіктің оңтүстікке қарсы соғысы прогрессивті, азаттық
мәнге ие болды. Оңтүстік штаттардың бөлінуі мен құлдықты
жоя отырып, ол АҚШ-тың тәуелсіздігінің нығаюына мүмкіндік
берді.
Ойлан
Неге солтүстіктіктер азамат соғысында жеңіске жете алды?
Оңтүстіктің қайта құрылымдалуы (1865—1877). Азамат со ғы-
сы — екінші буржуазиялық-демократиялық революцияның бірінші
ке-зеңі, ал оңтүстіктің қайта құрылымдалуы (1865—1877) оның
екінші кезеңіне айналды.
Қайта құрылымдаудың мақсаты елдің оңтүстігінде буржуа-
зиялық-демократиялық қайта құрулар өткізу мен бұрынғы құлиеле-
нушілердің билігін шектеу болды. Толық билік уақытша федералдық
әскерлерге берілді. Мұның бәрі буржуазиялық-демократиялық
революцияның жалғасы үшін жағдайлар жасады. Жекелеген
штаттарда тегін мектептер ашылды.
Қайта құрылымдау кезеңі соңына дейін жеткізілген жоқ.
Оңтүстікте құлдар жер алған жоқ, яғни мәселе түпкілікті шешілмеді.
Реакцияшыл плантация иелері — қара нәсілділерге қарсы ланкестік
Ку-Клукс-Клан ұйымын құрды. Ку-Клукс-Клан қара нәсілділер мен
оны жақтаушы қайраткерлерін өлтірді.
НәсӠлдӠк сегрегация — халыӧтарды нәсӠлдӠк белгӠлерӠне ӧарай топтарӣа бӹлу
саяса ты.
1890 жылдан 1910 жылға дейін оңтүстік штаттарда қайта
құрылымдау жылдары құлдарды құқықтарынан біртіндеп айырған
жаңа Конституциялар мен заңдар қабылдан ды. Олар тұрғылықты
155