Page 158 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 158
бас тартуға мәжбүрледі. Бұл келісімшарт шетел
саудасы үшін Симода мен Хокадатэ порттарын
ашты.
Америкалық монополиялардың экспансиясы
Ресейдің Қиыр Шы ғысын және Сібір аймақтарын
да қамтыды. Ресейлік аймақтық Чукотский және
Охотско-Камчатский аумақтық суларында заңсыз
кәсіп жасады.
ХІХ ғасырдың соңында АҚШ-та әлі де болса
мұхиттарда тірек пункттері болмағандықтан,
М.Перри жас индустриялық державаның жоспарындағы
міндеттердің бірі — Америкадан Қытай мен
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Жапонияға барар жолдағы аралдарды иемдену болды. Гавайдағы
саяси дағдарысты пайдаланған АҚШ оған келісімді күштеп таңды,
ол бойынша Гавай аралдары «АҚШ-тың құрамдас бөлігі» ретінде
қарастырылды. Гавайды иемдене отырып, АҚШ Тынық мұхиты
мен Шығыс Азиядағы үстемдік үшін күрестің тірек пунктіне, аса
маңызды әскери базасына айналды.
Ойлан
АҚШ командор Перриді қайда және не мақсатпен жіберді?
Қытай нарығынан толықтай ығыстырылып шығарылудан
қауіптенген АҚШ ХІХ ғасырдың соңында «ашық есіктер» немесе
«тең мүмкіндіктер» саясатын ұсынды. Бұл доктринаға сәйкес
әрбір ұлы держава басқа державалардың қалыптасқан мүдделерін
қозғамауға міндеттенді. Тұтастай алғанда, АҚШ үкіметі Қытай
нарығын еуропалық державалармен әскери қақтығыстарсыз иеленуді
көздеді.
Сонымен АҚШ жаңа үлкен стратегияны бастады, ол өзінің
экономикалық және сауда мүдделерін қорғауды ғана емес, сондай-
ақ аймақ шектерінен шалғай жерде де өз ықпалын өсіруді көздеді.
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
1. 1861—1865 жылдардағы азамат соғысының мәні неде?
2. Қайта құрылымдаудың негізгі нәтижелері қандай болды?
3. Неге АҚШ ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуының фермерлік жолы
жеңіске жетті?
4. АҚШ Гавай аралдарын қандай жолмен қосып алды?
158