Page 163 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 163
төңкерісі» деп аталды. 1869 жылы көктемде император сарайы
Киотодан Токиоға көшiрiлдi.
Ойлан
Неліктен революция «Мэйдзи қайта қалпына келтiру
төңкерісі» деп аталды?
Жапонияда капитализмнiң дамуы. Жапонияның басқыншылық
соғыстары. ХХ ғасырдың басындағы мемлекеттiң дамуы. Жер
реформасы нәтижесiнде ауылдарда жаңа жекеменшiк жер иелерi
мен ауқатты шаруалар толық құқықты жер иелерi мен салық
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
төлеушiлерге айналды. Ендi олар тек қана егiншiлiкпен емес, сондай-
ақ өз кәсiпкерлiктерiн құруға, сауда жүргiзiп, пайда табу көздерiн
iздестiруге ұмтылды. Бiрақ үкiмет бұл әрекеттердi қолдаған жоқ.
Көне дәстүрлі құндылықтарды сақтауды қолдайтын консерватор
топтардың ықпалынан шыға алмады. Жапонияда экономикада да,
саяси құрылымында феодалдық сарқыншақтар сақталып қала берді.
Монархиялық билік түрі сақталып, шаруашылықта да капитализм
толық үстемдікке ие бола алмады. Мiне, капитализм дамуындағы
осындай қиындықтар мен кедергiлер жұмысшы қозғалыстарын
тудырды. Оның жетекшiсi, дем берушiсi самурай тегiнен шыққан
либералдық зиялы қауым едi. Олар билеушi үкiметке қарсылық
танытып, оппозициялық пиғылда болды.
Ойлан
Жапонияда толық капиталистік қатынастардың орнауына
қандай кедергілер болды?
Либералдық зиялы қауым жұмысшы кәсiподақтарын құрды,
олар жұмысшылардың құқықтарын қорғап, ұйымдасқан жұмысшы
қозғалыстарын дүниеге әкелдi. Либералдық қозғалыс жетекшiлерi
императорға петиция тапсырып, онда император өз уәдесiн
орындауын, сайланатын заңды орган құруын талап еттi. 1880 жылы
либералдар алғашқы жария бұқаралық саяси ұйым — Парламенттi
құру Лигасын ұйымдастырды.
Император халыққа 1890 жылы парламент шақыруға уәде бердi.
Бұл мәлiмдеме елде саяси партиялардың құрылуына жол ашты.
Батыс елдерiнiң тәжiрибесiнен үйрену үшiн император шетелге
арнаулы делегация жiбердi. Олар Жапония мемлекетi үшiн оның
дәстүрлерiне сәйкес келетiн мемлекеттiк құрылысты таңдауға тиiс
болды.
163