Page 167 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 167
ХVІІ—ХІХ ғасырлардағы көркемөнер дамуының негізгі
бағыттары. XVII ғасыр дәуірін мәдениет пен көркемөнерде бàрîêêî
дәуірі деп атайды. Барокко — әлемнің бірлігі, шексіздігі және
алуантүрлілігі, оның драмалық қиындығы туралы, нақты ортаға
қызығушылығы мен адамды қоршаған табиғи апат туралы жаңа
ұсыныстарды ұсынды. Өнердің негізгі тақырыптары — қуаныш
пен реніш, жақсылық пен жамандық, махаббат пен өшпенділіктің
арақатынасы бейнеленді. Барокко итальяндық архитектурада
неғұрлым айқын бейнеленді.
Ағартушылық идеялары жаңа көркем стиль — классицизмде
көрініс тапты. Классицизм өнеріне айқындылық, қарапайымдылық
және ұстамдылық сияқты қасиеттер тән болды.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
XVIII ғасырдың басында Францияда өнердегі жаңа стиль —
рîêîêî кеңінен тарады. Сәулет өнері, көркемсурет (кескіндеме),
мүсін өнерінде жақсы көңіл күй сыйлайтын кескіндер және ою-
өрнектер басым болды.
Сонымен қатар еуропалық көркемөнерде реалистік дәстүрлер
дамыды. Реализм үшін көріністі беруде объективтілік, дәлдік,
тұрмыс пен табиғатты шынайы қабылдау болса, адами сезімдерді
жеткізуде қарапайымдылық пен табиғилық тән еді. Мұның барлығы
сол кезеңдегі көркемсуреттің ерекшеліктеріне әсерін тигізді.
Суретшілер өздерінің әлемін тұрмыстық көріністердің бейнесі
арқылы жеткізді.
Көркемсуреттің (кескіндеменің) ерекшеліктері. XVII ғасырдың
ортасында реалистік деп аталатын жаңа көркемсурет жанры
қалыптасты. Микеланджело да Караваджо алғашқылардың бірі
болып, көркемсуретке натюрморт пен тұрмыстық жанрын әкелді.
Оның шығармашылығы барлық көрнекті еуропалық суретшілерге
елеулі әсерін тигізді десе болады.
Голландия суретшісі Питер Пауэл Рубенстің көптеген суреттері
сол заман мәселелерін қамтыды. Оның шығармашылығы XVII—XIX
ғасырлардағы еуропалық өнер дамуына елеулі әсерін тигізді.
Көркемсуреттегі реалистік үрдістерді ұлы голланд суретшісі
Рембрандт шығармашылығынан байқауға бола ды. Суретші өнері,
ең алдымен, адамға деген сүйіспеншілігімен, гуманизммен ерекше-
ленді. Рембрандттың кейіпкерлері қарама-қайшы мінезді және қиын
тағдырлы адамдар болатын. Оның өнері XVII ғасырдағы голланд
өнерінің даму шыңының белгісі болды.
XVIII ғасыр шеберлері жоғары талғамдағы, сезімдер мен көңіл
күйдің ең нәзік сәттерін талдайтын өнердің негізін қалады. XVIII
ғасыр дағы француз өнерінің ұлы шеберлерінің бірі Антуан Ватто
тұрмыстық жанрды жақсы көрді, тікелей заттың өзіне қарап сурет
167