Page 170 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 170
мемлекет есебінен шеберлік үйренуге жіберген болатын. Ғасырдың
басында I Петр қалаған ірге мықты болып, XVIII ғасырдың
40-жыл дарынан бастап өнердің жаңа өрлеуі басталды. Ал XIX
ғасырда бірқатар өте дарынды суретшілер пайда болды (И.Аргунов,
Ф.Рокотов, Д.Левицкий, В.Боровиков.)
Графика, пейзаж бен мозаика кең таралды. Орыстың көркем
суретінде алғаш рет шаруалардың өмірінен көріністер бейнеленді.
Алғашқы ұлттық театрды Ф.Волков Ярославль қаласында 1750
жылы құрса, алты жылдан кейін Петербургте орыс театры ашылды.
І Петр заманынан бері қоғамның жоғарғы таптарының өмір
салтында музыка кең тарала бастады. XVIII ғасырдың ортасынан
бастап операның даңқы өсті. Бастапқы кезде итальяндық және
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
француздық сазгерлердің шығармалары орындалса, кейіннен
Ресейдің өзінде де алғашқы кәсіби сазгерлер пайда болды.
Ресей үшін XIX ғасыр ұлттық музыка мектебінің даму дәуі-
рі саналады. Музыка өнерінің дамуына ауқымды үлесті Михаил
Иванович Глинканың шығармашылығы қосты. Петр Ильич
Чайковский музыка тарихында ірі сазгерлердің бірі болып саналды.
80-нен аса туындылардың авторы, соның ішіне 10 опера және 3 балет
кіреді. Сонымен XIX ғасырда орыс ұлттық мәдениеті түпкілікті
қалыптасты.
ПӠкӠрталас
Ресейде алӣашӧы суретшӠлер неге тек ӧана XVIII ӣасырда пайда болды?
XVII—XIX ғасырлардағы Шығыс елдері өнерінің даму
ерекшеліктері. Араб елдерінен бастап Жапонияға дейінгі кеңістіктегі
шетелдік Шығыстың өнері сан түрлі. Бірақ мәдениет пен өнердің
өзіндік табиғи дамуы отарлық билеп-төстеу кезінде бұзылған
болатын. Отарлық үстемдік халықтардың рухани қажеттіліктерін
басып, Шығыс елдерінің өнері ортағасырлық деңгейде тоқтап қалды.
Шығыс өнерінің жандануы отаршылдыққа қарсы күреспен, ұлт-
азаттық идеялардың өсуімен басталды. Шығыс елдері жаңа өнерді
құру жолында Батыс Еуропаның жетістіктерін игеруге ұмтылды.
Сонымен қатар классикалық өнерді қайта жандандыруға ұмтылушы
бағыттар да орын алды.
XVII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші
жартысы аралығындағы Қытайдың мәдениеті мен өнерінде жаңаның
ескімен күресі байқалды. Өнерде демократиялық тенденциялардың
ықпалы күшейе бастады. Олар әсіресе көркемдік кәсіп түрлерінде:
ағашты, тасты, сүйекті оюлауда, кесте тігуде, кейде фарфор
170