Page 175 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 175
Ағылшын әдебиетіндегі реалистік тәсілдің
көрнекті өкілі Ч.Диккенс болды. Оның әдеби
қызметі Англияның ұлттық әдебиетінің дамуының
тұтас дәуірін қамтыған, оның мақтанышы болып
табылды. Ол әлеуметтік реалистік ағылшын
романының негізін қалаушылардың бірі болып
саналады. Оның ең әйгілі романдарының бірі —
«Оли вер Твистің басынан кешкендері». Жазушы
басты кейіпкер Оливер Твистің тағдыры ар қылы
мыңдаған адамдардың қиын өмірін көрсетті.
Америка әдебиетінде реалистік әдебиеттің Э. Золя
бастауы — Марк Твеннің «Том Сойер мен Гекльберри
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Финнің хикаялары» атты романы. Бұл романда америкалық құлдық
мәселесі көрсетілген. М.Твен еркіндік, бостандық, шындық, әділдік
пен мейірімділіктің бейнесі болып табылатын американдық ұл
баланың өмірін баяндайды. Марк Твеннің шығармашылығындағы
әлеуметтік роман жанры бұл шығармада тереңінен ашылды.
Ойлан
Неліктен Марк Твеннің «Том Сойер мен Гекльберри Финнің
хикаялары» романын әлеуметтік роман деп атайды?
XIX ғасырдағы Ресей әдебиеті. XVII ғасырдың соңы мен XVIII
ғасырдың басында көне әдебиеттен жаңа орыс әдебиетіне біртіндеп
өту басталды. Бұл орыс әдебиетінің жалпыеуропалық даму үрдісіне
қосылуына жағдай жасады. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың
басы аралығындағы әдебиетте классицизм үстемдік еткен болатын.
Д.И.Фонвизин, Г.Р.Державин классицизм бағытының өкілдері
болды. Орыс әдебиетінде романтизмнің пайда болуы В.А.Жуковский
есімімен байланысты. Оның адамгершілік пен
абыройға толы балладалары орыс поэзиясына
«жан мен жүрек бітірді». XVIII ғасырдың со-
ңында сентиментализм ба ғы ты қалыптасты. Бұл
бағыт адамның ішкі жан дүниесін, тұлғаның
психологиясын, се зімде рі мен қобалжуын
тануға ұмтылған бо ла тын. Орыс әдебиетінде
А.Н.Радищевтің шы ғарма лары сентиментализм
бағытының озық үлгісі болды. Оның «Петербургтен
Москваға сапар» атты туындысы — осы дәуірдің
таңдаулы шығарма ларының бірі.
XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің дамуын «алтын
ғасыр» деп атайды. Бұл ғасыр сентиментализмнің Ч. Диккенс
175