Page 173 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 173
ленісуін көрсетті. Олар әдебиетке дво ряндық титулы мен байлығы
жоқ жаңа жағымды кейіпкерді енгізді.
Театр ағартушыларының әдеби май даны басталды. XVIII
ғасырда Франция ның ағартушылық революциялық әдебиетінде
Бомаршенің комедиялары бірінші орынға ие болды. «Севиль
шаштаразы» мен «Фигароның үйлену тойы» комедияларында
Францияның әдет-ғұрыптары көрініс тапты, зорлық-зомбылық пен
әділетсіз заңдар жоққа шығарылды. Осы комедиялардың сатирасы
француз сахнасында ерекше орын алды. XVIII ғасырда ағылшын
жазушылары адамның мінезін қалып тастыратын қуатты фактор
ретінде әлеуметтік ортаны зерттеді. Бұған Д. Дефо, Г. Фильдинг,
Дж. Свифттің романдары куә бола алады.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Ойлан
Д. Дефоның қандай әйгілі шығармасын білесің?
Бытыраңқы феодалдық Германияда да театрлық сахна демокра-
тиялық идеяларды кеңінен насихаттаудың жалғыз құралы болды.
XVIII ғасыр соңында Германияда «Веймар классицизмі» пайда
болды. Веймар қаласында Ф.Шиллер, И.Гёте және т.б. жұмыс
істеді. Ф. Шиллердің драммалары оның даңқын бостандықты
құлшына қорғаушы ретінде шығарды. И.Гетенің адам ақылының
салтанатына гуманистік сенімін білдірген «Фауст» трагедиясы неміс
ағартушылығы дамуының қорытындысы болды десе болады.
XIX ғасырдағы Батыс әдебиетінің дамуы. Қоғамдық-саяси
өмірдің қарқынды дамуы, әдеби үдерістерді ынталандырды. Жаңа
көркемдік бағыт — романтизм кеңінен таралды.
Романтизм — XIX ӣасырдыӫ басында адамзаттыӫ рухани мәдениетӠнде: музыка,
театр, бейнелеу ӹнерӠ, эстетика т.б. кӹркем салаларында тараӣан идеялыӧ баӣыт.
Романтизм прозасы көптеген жанрлық бағыттар
бойынша дамыды. Романтизм классикалық
новелланы да, серілік романды да (А. Дюма
«Граф Монте-Кристо»), Шығыс ертегілерін де
қамтыды. Терең қоғамдық өзгерістердің ғасыры
Дж. Г. Байрон, Г. Гейне, В. Гюго, Дж. Ф. Купер дің
көрнекті романтикалық шығармаларының дәуірі
болатын. Ағылшын роман тизмінің шарықтау
шегі Дж.Г. Байронның шығармашылығы болды.
Оның «Чайльд Гарольдтың сапар шегуі» атты
поэмасы Испания және Грекия халықтарының
Дж. Г. Байрон
173