Page 169 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 169
әлемінің феномені болып табылады. Оның барлық
шығармалары, туындылары әлемдік классика
музыкасының жауһары. Бостандық үшін кү рес
идеясын Бетховен шығар машылығының негізгі
тақырыбы деп атауға болады.
XIX ғасырда музыка түсін ігінің жаңа жолдары
пайда болды. Сазгер-романтиктердің туындылары
адамның рухани қайғысының бай әлемін жет кізе
отырып, қазіргі заманғы концерттік репертуар-
дың негізін құрады. Музыкадағы романтизмнің
негізін құрушылардың бірі болып австриялық Бетховен
сазгер Франц Петер Шуберт болды. Оның танымал
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
өлеңі «Аве Мария» музыка сүйер қауымның
таңданысын тудырды және миллиондаған тың-
дарманның жүрегінен орын ала білді.
Польша музыка өнерінің ірі өкілі Фредерик
Шопен әлемдік музыкаға айтарлықтай ықпал
жүргізді. Шопен — фортепианоға арналған
көп теген туындылардың авторы, ол өздігінше
көптеген жанрды түсіндіруге атсалысты: форте-
пиано балладасын дүниеге әкелді, мазурка, поло-
нез және вальс — би өнерін поэзиямен ұштас-
тырды. Фр. Шопен
Үш ғасырлық тарихқа ие итальяндық опера өнерінің Ұлы классигі
қатарында Джузеппе Вердиді айтамыз. Әлемде Верди опералары —
«Риголетто», «Травиата», «Аида», «Отелло» және т.б. туындылары
қойыл маған театр жоқ. Иоганн Штраусты «вальс патшасы» деп
атайды. Жоғарғы шеберлік Штраусты би музыкасының толыққанды
классиктері қатарына қосты. Штраустың арқасында Вена вальсі ХІХ
ғасыр шегарасынан асты және қазіргі музыка өмірінің ажырамас
бөлігіне айналды.
Ойлан
Моцарттың қандай шығармаларын білесің?
Ресейдегі өнердің дамуы. XVIII ғасырдың басында Ресейде сурет
өнерінің шеберлері әлі де болмаған еді. Монастырьлар тұсында тек
икона салушылар ғана болды. Бірақ Ресей патшасы І Петр өзінің
жаңартушылық реформалары барысында шетелдік суретшілерді
шақыра отырып, Голландияға, Италияға дарынды жастарды
169