Page 174 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 174
азаттық қозғалыстары, француз революциясы,
Италияны босату үшін күреспен қамтылған әлем
бейнесін көрсетті.
Француз әдебиетінің сахнасына Виктор Гюго
мен Жорж Санд шыққан 20-жылдарда француз
романтизмі өзінің шынайы гүлденуіне жетті.
В.Гюгоның «Париждік әулие ана шіркеуі»
рîмàíы — діни қағидаларға қарсы наразылық,
демократиялық көңіл күйдің көрінісі болды.
Американдық романның негізін салушы
Дж. Фенимор Купер болатын. Ол Америка
О. Бальзак әдебиетінде алғаш болып эпопеяны («Пионерлер»,
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
«Могиканның соңғы тұяғы», «Прерии», «Ізшіл», «Шайқурай» және
т.б.) қалыптастырды. Ол объективті түрде Батысты игерудің тарихын
жасап, оның қарама-қайшылықтары мен қай ғылы мазмұнын көр-
сетті.
XIX ғасырдың екінші жартысында роман тизмнің орнына
реализм келді. Реалистер әлеуметтік үдерістердің мәніне енуге
тырысты. Әлемдік әдебиеттің алтын қорына Ф.Стендаль, О.Баль зак,
Ч. Диккенс және басқа да жазушылардың әлеуметтік дағдарысты
көрсетуі олардың кітап тарын үздік тердің қатарына енгізді. Француз
классигі Бальзактың 137 шығармадан тұратын «Адамдар комедиясы»
атты көптомдық эпопеясы XIX ғасырдың ортасындағы Франция ның
әдет-ғұрыптарының орасан зор тарихы болып табылады. Ол бүкіл
әлеуметтік шындықтың драмалық көрінісін берді.
XIX ғасырдағы француз көрнекті жазу шыларының бірі Эмиль
Золя жиырма томдық эпопея «Ругон-Маккарлар» еңбегінде француз
қоғамын сынға алды. Билік пен шіркеудің әділетсіздігін қорықпай
әшкереледі, әскер, шенеуніктер мен буржуазияны сынға алады.
Бірақ Э.Золяның ең атышулы қоғамдық-саяси шығармасы француз
офицері Дрейфустың жалған ісіне жазылған қарсы жауабы «Мен
айыптаймын!» мақаласы болды. Өзінің хатында Золя шынайы
фактілерді жасыру мақсатында француз үкіметі мен әскерін
қастандық жасады деп айыптап, осы істің антисемиттік бағытын
айтты. Бұл іс XIX ғасырдың аяғындағы Франция мен Еуропаның
тарихында үлкен рөл атқарды. Бұл хат Э.Золяға роман жазудан
кем емес даңқ әкелді.
Ойлан
Хрестоматияда берілген Э. Золяның «Мен айыптаймын!»
мақаласы сөз құдіретін қалай көрсетеді?
174