Page 177 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 177

Қытай әдебиетіндегі түбегейлі бетбұрыс XIX
        ғасырдың ортасы — тайпиндер көтерілісі кезеңіне
        келді.  Көтерілісшілердің  идеялары  Қытай
        халқының  қоғамдық  ой-санасына  орасан  зор
        әсер еткен болатын.  Капиталистік даму жолына
        түскен  Жапонияның  әдебиеті  романтик  және
        реалист жазушылардың тобын шығарды.
            Араб  әдебиетінің  қайта  жаңғыруы  XIX  ға-
        сырдың  екінші  жартысында  араб  елдерінде
        антифеодалдық  және  ұлт-азаттық  қозғалыстар
        орын алғанда басталды. Египетте, Сирияда және                  А. Құнанбаев
        Ливанда  ірі  ағартушылар  пайда  бола  бастады.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
        Олардың  ішіндегі  ең  елеулілері  ретінде  Рифаат-бей  ат-Тахтави,
        Бутрус әл-Бустани мен Насиф әл-Язиджиді атап өтуге болады.
            XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ ақындары арасында
        дарынды жауынгер-ақын, халықтың мұңы мен арманын жеткізуші
        Махамбет Өтемісұлы болды. Оның жырлары ерлік пен батырлық
        сипатта болды.
            Қазақ  халқының  мәдениеті  мен  әдебиетінің  дамуында  қазақ
        әдебиетінің классигі, ақын, компо зитор, көрнекті қоғам қайраткері
        Абай Құнанбайұлының шығар машылығы дара рөлге ие. Сол кезеңдегі
        қа зақ тың  қоғамдық  ой-санасы  мен  әдебиетіндегі  прогрессивті-
        демократиялық бағыт Абайдың есімі мен байланысты. Ол қазақ тың
        қазіргі жазбаша әде бие тінің негізін қалау шы, көзі ашық, либералды
        ислам  негізінде  орыс  және  еуропа  мәдениеттерімен  жа қындасу
        рухындағы мәдениет реформаторы бол ған. Абай Құнанбайұлының
        ұлылығы  мен  өшпестігі  оның  өз  шығармашылығында  қазақ
        халқының  өмі рін  жан-жақты  және  шынайы  түрде  көрсете  біл-
        гендігінде жатыр.

          ПӠкӠрталас

          XIX ӣасырдыӫ әдебиетӠ әлеуметтӠк әдӠлетсӠздӠктӠ ӧалай бейнеледӠ?
          Ӹз пӠкӠрӠӫдӠ бӠлдӠр. Сыныптастарыӫныӫ пӠкӠрӠмен салыстыр.



          БӠлӠмӠӫдӠ тексер


          1.  XVIII ғасырдағы ағартушылық реализм әдебиетің мәні қандай еді?
          2.  В.Гюгоның қандай романдарын роман-эпопея деп атайды?
          3.  Ф.Купер романдарының негізгі тақырыптық арқауы неде?
          4.  Неге  А.Н.Радищевтің  «Петербургтен  Мәскеуге  саяхат»  романын  XVIII
            ғасырдың көрнекті шығармасы деп атайды?

                                                                                    177
   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182