Page 180 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 180

әртүрлі  салаларда,  ауыл шаруашылығында,  құрлықта,  өзен  мен
             теңіз көліктерінде қолданыла бастады. XIX ғасырды «бу мен темір
             ғасыры» деп сипаттады.


               Ойлан
                          Ғылым мен техникадағы қандай жаңалықтар өнеркәсіптік
                          төңкеріске серпін берді?


                 Өнеркәсіптік  төңкеріс  пен  ішкі  және  сырт қы  нарықтың  өсуі
             көлік  құралдарын  қайта  құру  қажеттілігін  туғызды.  Ағыл шын
             өнертапқышы Дж. Стефенсон өзінің ал ғаш қы паровозын жасады.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             Ол ұзындығы 56 километрлік рельстік желіні құрды. Бұл тауар мен
             жолаушыларды аралас тасымалдайтын алғашқы жол болды. Паровоз
             өнертабысы мен теміржол құрылысы көлік саласында нағыз төңкеріс
             әкелді.
                 1807  жылы  американдық  өнертапқыш  Р.Фултон  тәжірбиеде

             қолданысқа ие болған бірінші кемені жасады. Англияда бу кемелері
             1812 жылдан бастап, ал Ресейде 1815 жылдан бастап қолданысқа
             ие болды. Бу көліктерінің пайда болуы Еуропа, Солтүстік Америка
             сияқты әлем елдеріне шешуші өзгерістер енгізді.
                 Жаратылыстану  ғылымдары ның  дамуы.  XIX  ғасырда  ғылым
             үлкен жылдамдықпен дами бас тады. Математика, физика, хи мия,































                                        «Клермонт» Фултон кемесі
             180
   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185