Page 176 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 176
гүлденуі және романтизмнің қалыптасуымен
басталды. Осы кезеңде жаңа орыс әдебиеті мен
әдеби тілдің орыс реализмінің негізін қалаушы
А.С. Пушкин еді. Оның нәзік лирикасы орыс
мәдениетіне және әлемдік мәдениетке қосылған
баға жетпес үлес болды.
Реалистік әдебиет Ресейдегі қоғамдық-
саяси жағдайға өткір жауап беріп отырды.
Қала мен ауыл халқының әлеуметтік қасіреті
Н.А. Некрасовтың поэзиясында тамаша көрсе-
тілген. Оның «Ресейде кімге жақсы?» атты
А.Н. Радищев
поэмасы халықтың ауыр өмірін ашып көрсетеді.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Н.В. Гогольдің «Өлі жандар» романы сол кезеңдегі орыс өмір
салтының ең жарқын әрі шынайы көріністерінің бірі болып табылды.
И.С. Тургенев орыстың қоғамдық қозғалысының жылнамашысы
деген атаққа ие болатын. Ол Ресейдегі әлеуметтік-саяси жағдайдың
шындығын жеткізуде орыс табиғатын көркем суреттеудің керемет
шебері болды. Ф.М.Достоевский үлкен психологиялық туындылардың
авто ры ретінде тарихта қалды. Оның «Қор болғандар мен қорлан-
ғандар», «Нақұрыс», «Ағайынды Карамазовтар», «Қылмыс пен
жаза» романдары көркем әдебиет тарихына қосқан баға жетпес
үлес болып қалды. Жазушы шығармаларында адамдардың рухани
байлығы және қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктер мәселелерін
шынайы суреттеді.
Сентиментализм (франц. sentiment — сезім) — жеке адамныӫ жан дӭниесӠн,
кӹӫӠл кӭйӠн, ӹмӠрӠн суреттеген шыӣармашылыӧ әдеби баӣыт.
XIX ғасырдың соңы әлемдік мәдениетке А.П.Чеховтың,
А.Н.Островскийдің, Н.С.Лес ковтың, М.Горькийдің шығармаларын
сый лады. А.П.Чеховтың әңгімелерінің басты тақырыптары мен
мәселелері тірлік пен арман арасындағы қай-
шылық, қайғы-қасіретке толы дүниедегі үміттер
мен қиялдардың тағдыры болды.
XIX ғасырдағы Шығыс әдебиеті. Әдеби
жанрлар жүйесінің өзгерісі Шығыс елдерінің
әдебиеттерінде де орын алды. Ірі әлеуметтік
және мәдени өзгерістер прозаның гүлденуіне
түрткі болды. XIX ғасырдың екінші жартысында
жаңа буржуазиялық қаты нас тардың қалыптасуы
Шығыстың бірқатар елдерінде әдеби бағыт ретінде
романтизмнің, кейіннен реализмнің туындауына
Н. Некрасов жағдай жасады.
176