Page 171 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 171
бұйымдарында, гравюра мен халықтық суреттерде ерекше көрініс
тапты. Өнердің осы түрлерінде қала тұрғындарының орта табының
талғамы мен мүдделері, яғни адамның өмірі мен тұрмысын көрсететін
өнер формалары негізгі рөлді ала бастады.
Табиғатты сезіну қабілетін жоғалтпаған және жаратылыстың
сұлулығын бейнелей алған шеберлер сол заманның ең үздік және
қызық суреттерін салған еді. Осындай суретшілердің бірі Юнь
Шоупин болды. Ол гүлдер мен құстардың көркемсуреттерін салу
жанрында жұмыс істеді. Оның шығармашылығы өткеннің ең тамаша
дәстүрлерінің жалғастырушысы болды. Қытай мәдениеті әлемдік
мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан болатын.
XVII—XIX ғасырлардағы Жапонияның дәстүрлі мәдениеті
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
толығымен қалыптасқан шағына жетті. Осака, Киото мен Эдо
жапондық мәдениет пен ғылымның орталықтарына айналады. Өзін-
дік ерекшеліктері бар қалалық мәдениеттің гүлденуі осы кезеңдегі
жапон мәдениетінің даму бағытын анықтады. Көркемсуретте
декоративті интерьерлердің, өрнектердің рөлі артты. Ағашты өр-
нектеу өзінің шарықтау шегіне жетіп, жапон өнерінің басты түріне
айналды.
XVII ғасырдан бастап нецке — ағаш, тас, піл сүйегі, фарфордан
жасалған шағын мүсіншілер жапондықтардың күнделікті тұрмысына
кеңінен ене бастайды. Сол кезден бері нэцкэ декоративті өнердің
бірден-бір туындыларына айналды. Гүлдерді гүлсауыттарда көркем
орналастыру өнері — икебана («гүлдер өмірі») ерекше дамыған
болатын.
Каджар әулеті билеген кез Иранда білдектік көркемсуреттің пайда
болуымен ерекшеленді. Кенептерде үлкен сурет салумен қатар, одан
кіші форматта әйнекте сурет салу мен ағаштан жасалған кішігірім
бұйымдарды лакпен әшекейлеу кең таралды. Арабтың Шығыс
халықтары адамзат мәдениетінің дамуында маңызды орынға ие
болды.
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
1. XVII—XIX ғасырлардағы өнерде қандай стильдер үстемдік етті?
2. Қандай сазгерлердің шығармашылығы қазіргі күннің өзінде әлемдік музыка-
ның жауһарлары деп танылуда?
3. XVII—XIX ғасырларда ең дамыған өнер бағыттарын атай аласың ба?
4. XVII—XIX ғасырлардағы Шығыс елдерінде өнердің баяу дамуының себебі
неде болды?
171