Page 168 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 168
салды. Ваттоның шығармашылығы XVIII ғасырдағы еуропалық
көркемсурет, графика мен сәндік өнер тарихының жаңа кезеңінің
басталуына әкелді.
Француз рококо өнерінің шынайы өкілі Франсуа Буше болды.
Революция өмірінің өкілі Жак Луи Давид Ұлы француз революциясы
кезінде туындаған қазіргі заманғы тақырыптағы «үлкен стиль»
тарихи суреттер дәстүрін жалғастырды.
Ойлан
XVII—XIX ғасырлардағы еуропалық суретшілер шығармашы-
лығында қандай ортақ белгілерін көруге болады?
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
XVIII ғасыр көркемөнері орасан зор эпо пея — ұлы испандық
Франциска Гойяның шығармашылығымен аяқталды. Ол қуанышқа
толы халық бейнелері мен темпераменттік портрет терді салды.
XVII—XIX ғасырлар аралығындағы музыка мәдениетінің
гүлденуі. Адамның жан дүниесінің рухани тербеліске толы поэзия
тұрғысынан паш ету қажеттілігі және XVII—XVIII ғасырлар
аралығында тікелей дүниетанымды ашу арқылы,
музыка саласын өнер әлеміндегі дербес түр ретінде
тұжырымдады. XVIII ғасырда фуга, симфония,
соната сынды музыкалы сипаттардың пайда
болуы музыканың адам бойындағы уайым-қайғы
сезімдерін толықтай жеткізе алатын мүмкіндігін
айқындады.
Иоган Себастьян Бах еуропалық музыка
мәдениетіндегі жаңа бағдардың дамуын даярлады,
ол бағыт — сонаталық-симфониялық бағыт
деп аталды. Ғұмыр бойында Бах 1000-нан аса
Себастьян Бах
туындыны жарыққа шығарды. Оның шығарма-
шылығында опера жанрын ескермегенде, барлық
салмақты жанрлар көрініс тапты.
Вена классикалық мектебінің өкілдері Моцарт,
Гайдн және Бетховен болды. Вольфганг Ама дей
Моцарт — ең танымал класси калық саз герлердің
бірі бола отыра, әлем дік музыка мәдениетіне
үлкен ықпал етті. Вена классикалық мек тебінің
өзге өкілі Франц Йозеф Гайдн — австриялық
сазгер, музыка жанрындағы симфония және
ішекті квартет сынды бағыттардың негізін
салушылардың бірі. Людвиг ван Бетховен музыка
Моцарт
168