Page 164 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 164

Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі




                                Жапониядағы Конституция қабылдау сәті
                 Бұл делегация шетелден тәжiрибе алып қайтқан соң, 1889 жылы
             Жапония  үшiн  неғұрлым  тиiмдi  Германия  Конституциясының
             үлгiсiндегi  Конституция  қабылданды.  Конституция  бойынша
             императорға кең құқықтар берiлдi. Оның жекебасы «қасиеттi және
             кепiлдi» деп жарияланды. Мемлекет басшысы соғыс жариялауға,
             бiтiм  жасауға,  заңдарды  бекiтуге,  парламенттi  таратуға  құқылы
             болды.  Оған  мемлекет  қызметiндегi  барлық  адамдар  бағынды.
             Сонымен  қатар  император  әскер  мен  флоттың  бас  қолбасшысы
             билiгiн иелендi.
                 Конституция бойынша екiпалаталы парламент құрылды. Жоғарғы
             палата император отбасынан және ол тағайындаған өкiлдерден тұрды.
             Төменгi палата депутаттары сайланып қойылды. Сайлау құқығына
             жасы 25-ке толған ер адамдар ие болды және олар 15 йеннен кем
             емес салық төлеуге мiндеттелдi. Сайлауға халықтың 1 пайызы ғана
             қатысты. Депутаттар үкiметтiк заң жобаларын талқылауға құқықты
             болды, бiрақ олар өздерi заң шығаруға тиiстi емес едi. Үкiмет тек
             қана император алдында жауапты болды. Конституцияда, сондай-
             ақ негiзгi азаматтық құқықтар да жарияланды. Олар бостандық,
             ар-ұждан, баспасөз, жиналыс өткiзу сияқты кейбiр демократиялық
             құқықтар едi. Бiрақ бұның бәрiне iс жүзiнде түрлi сылтаулармен
             шек қойылып отырды.
                 Мэйдзи үкiметi Жапонияда капитализмнiң дамуына апаратын
             жол — тауар өткiзу нарығын кеңейту мен жаңа шикiзат көзiн табу
             деп есептедi. Сол үшiн Жапония сыртқы басқыншылық саясатын
             iске  асыра  бастады.  Жапон  экспансиясының  алғашқы  құрбаны

             164
   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169