Page 165 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 165

Қытайға тәуелдiлiктегi Корея болды. Корея королi шетелдiктерге
        «жабық есiк» саясатын ұстанды. 1876 жылы жапондықтар Кореяға
        күш көрсетiп, тең емес келiсiмге қол қойдырды. Корея «жабық есік»
        саясатынан бас тартуға мәжбүр болды.


           Аныӧта
           Алӣашӧы жапон Конституциясы ӧандай ӭлгӠмен жасалды және мемлекеттӠк билӠк
           ӧӯрылымы ӧалай болды?

            1894 жылы Жапония Қытайға соғыс ашты. Бұл соғыста Жапония
        Ресейдiң  Қиыр  Шығыста  үстемдiк  алуына  қарсы  болып,  осы
        саясатты  қолдаған  Англия  мен  АҚШ-тың  саяси  және  қаржылай
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
        көмегiне  сүйендi.  1895  жылы  Жапония  көп  қиналмай  жеңiске
        жеттi. Жапония Симоносекиде бейбіт бітімге келген келісімшартқа
        қол қойды. Қытайды жеңу Жапонияға орасан зор байлық әкелдi.
        Қытайдың Тайвань және Пянху аралын басып алып, 350 миллион
        лян  өтемақы  төлеттi.  Осының  бәрi  жапон  капитализмiнiң  жедел
        дамуына себеп болды. Осы қытай-жапон соғысынан кейiн Жапония
        тәуелдi елден Азиядағы бiрден-бiр отарлаушы елге айналды.


          Ойлан

                     Басқыншылық соғыс не үшін жүргізілді?


          БӠлӠмӠӫдӠ тексер

          1.  Токугава сегунаты кезiндегі Жапонияның экономикалық дамуы туралы не
            айтасың?
          2.  «Мэйдзи төңкерiсiнiң» мәнiн қалай түсiнесiң?
          3.  ХIХ ғасырдың 70-жылдары қандай реформалар жүргiзiлдi және ол Жапония-
            ның жаңаша дамуына қалай әсер еттi?
          4.  Сыртқы басқыншылық саясат Жапонияға не үшiн қажет болды? Жапония
            қандай елдерге, не себептi соғыс ашты?
          5.  Топта кестенi дәптерлеріңе сызып толтырыңдар:

                                Жапониядағы Мэйдзи реформалары
                Мемлекеттік         Қоғамдық                               Білім
               құрылыстағы       қатынастардағы     Экономикалық        саласындағы
                                                    қайта құрулар
                 өзгерістер         өзгерістер                           өзгерістер







                                                                                    165
   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170