Page 182 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 182
қызмет етті. XIX ғасырда электротехника саласында француз
А.М. Ампер, ағылшындар М.Фарадей және Дж. Максвелл, неміс
Г.Ом, американдықтар Дж. Генри және Т.Эдисон сияқты атақты
ғалымдар жұмыс істеді.
М.В. Ломоносов — физикалыӧ химия саласында зерттеулер жӭргӠздӠ, энергия
ныӫ саӧталу заӫына, кометалар туралы ӠлӠмге, Жер ӧыртысыныӫ ӧасиеттерӠ ӠлӠмӠне
айрыӧша ӭлес ӧосты. Ол техниканыӫ жиырмадан астам салаларын жетӠк бӠлген.
Элементар бөлшектер әлемінің құпиясын түсінген ғалымдар
жаратылыстануда төңкеріс жасады. 1895 жылы неміс ғалымы
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
В.Рентген атымен рентген сәулелері ашылды. Бұл жаңалық меди-
цина мен техникада бірден қолданысқа ие болды.
А.М.Ампер — кӹрнектӠ француз физигӠ, математик, химик. Электроника мен
магнитизм туралы ӠлӠм — электродинамиканыӫ негӠзӠн ӧалаушы. Оныӫ ӧӯрметӠне
негӠзгӠ электрлӠк шамалардыӫ бӠрлӠк ток кӭшӠ ампер аталды.
Кейін Мария Склодовская-Кюри, П. Кюри, Я. Бор және Э. Резер -
форд сияқты көрнекті физиктердің есімімен байланысты атом
ядросы саласындағы зерттеулер мен радиоактивтілік ілімі ашылды.
Ғалымдар атом ядросының құпиясын түсініп қана қоймай, Әлемді
де жақсырақ тани бастады. Уран және Нептун сияқты жаңа
ғаламшарлар ашылды.
XIX ғасырда химияның дамуы жетістіктерге жетті. XIX ғасырдың
ең ірі жаңалықтарының бірі 1869 жылы Д.И.Менделеевтің химиялық
элементтердің периодтық жүйесін құруы болды. Ол химия мен
физиканың кейінгі дамуына үлкен үлесін қосып, қоршаған әлемді
тереңірек тану мүмкіндіктерін ашты.
Д.И. Менделеев 1871 жылы «Химиялыӧ элементтердӠӫ периодтыӧ заӫы»
еӫбегӠнде ӹзӠнӠӫ зерттеулерӠн ӧорытындылаӣан болатын. Периодтыӧ заӫды Менде
леев ӹзӠнӠӫ «Химия негӠздерӠ» деп аталатын басты еӫбегӠнде жариялады.
Жаратылыстанудың дамуы XVIII—XIX ға сыр ларда тірі табиғат
туралы жаңа ғылым — био логияның пайда болуына әкелді. XIX
ғасырда ғылымның ең маңызды же тістігі — табиғи іріктеу арқылы
түрлердің эволю ция тео риясы құрылды. Чарльз Дарвин «Түр-
лердің шығу тегі» деп аталатын әйгілі еңбегінде жануарлар мен
өсімдіктердің шығу тегі теориясын негіздеді.
182